Ақмарал ОРАЗАЙҚЫЗЫ,
СҚО бойынша ҚАЖ департаменті
Петропавл қалалық ҚАИ бастығының орынбасары, әділет майоры.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Петропавл қаласы Қылмыстық-атқару инспекциясы қалалық ІІБ Әкімшілік полициясымен бірлесе отырып, “Бақылау” жедел іс-шарасын өткізді.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылғандар тарапынан қайта қылмыс болдырмау, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу, жазасын өтеуден бас тартқан тұлғаларды іздеу “Бақылау” алдын алу шарасының мақсаты болып табылады.
Біздің инспекцияда 287 сотталған тіркеуде тұр. Сотталғандармен алдын алу кеңестер өткізіліп, олардың жүріп-тұруына оңтайлы болуы үшін туысқандарымен де кеңес өткізілді.
“Бақылау” жедел-алдын алу шарасын өткізген аралықта қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны өтеудің 10 тәртіп бұзушылығы анықталды. Осыған байланысты Петропавл қалалық сотына жазасын өтеуден қатаң бас тартқан тұлғаларды бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 7 материал және сынақ мерзімін ұзартып, пробациялық бақылау орнату туралы 4 материал жолданды.
Ақмарал ОРАЗАЙҚЫЗЫ,
СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті
Петропавл қ. ҚАИ бастығының орынбасары әділет майоры