«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕНЕВАДАН ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біріккен Ұлттар Ұйымының нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитетінің 84-ші сессиясының жұмысына қатысқан Қазақстанның ресми делегациясы Женевадан (Швейцария) оралды. Сессия шеңберінде нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі Халықаралық Конвенцияны Қазақстанның орындауы туралы ұлттық баяндама қорғалды. Бұл Конвенцияны біздің еліміздің Парламенті 1998 жылы бекіткен болатын.

Халықаралық сарапшылар біздің қоғамда этносаралық және дінаралық қарым-қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін сақтау және тұрақты дамыту бойынша заңнамалық базаны дамытудағы Қазақстанның үдемелі ілгерілеуін атап көрсетті. БҰҰ Комитетінің мүшелері Анастасия Крикли (Ирландия), Жозе Линдгрен Альвес (Бразилия), Алексей Автономов (Ресей), Франциско Кали (Гватемала), Ён-ан Хуан (Қытай), Карлос Васкес (АҚШ) және басқалары Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін жоғары бағалап, оны әлемде теңдесі жоқ институт, қазақстандық қоғамдағы ахуалды реттейтін маңызды құрал деп атады.

Әрине, біздің оппоненттерге нақты жағдайды түсіндіру үшін объективті дәлелдерді талап ететін мәселелер де болды. Олардың бірқатары тілектестік және орнықты түрде өткен пікірталас туғызды. Комитеттің отырысында, сондай-ақ сессияның екінші күнінде өткен интерактивті кездесуде қазақстандық ресми делегацияның мүшесі, біздің жерлесіміз – сенатор Анатолий Башмаков сөз сөйледі.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp