«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылжар өңіріне келген республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі – Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Ризат Нұршабеков өз саласына қарасты еңбек ұжымдарымен кездесіп, басты құжаттан туындайтын мәселелер жөнінде келелі әңгіме қозғады. 

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Сәрсенбі күні “Қазпочта” АҚ-ның облыстық филиалында өткен кездесуде Ризат Нұршабеков Елбасы Жолдауының басым бағыттары жайлы айта келіп, оны жүзеге асыру бойынша Қызылжар өңірінде атқарылатын шаралардан нақты мысалдар келтірді. Әсіресе, елді мекендердің арасын авто, темір және әуе жолдарымен байланыстыру, оларға жедел байланыс қызметін көрсету мәселелері де сөз болды.

Жолдауды талқылау барысында пошта қызметкерлері еңбекақының аздығынан ұжымда жас кадрлардың тұрақтамайтындығын, жас мамандардың пәтерге қол жеткізуінің қиындығын, білікті операторлардың жетіспейтіндігін, жаңадан қабылданған жастарға теориялық білім беруді жолға қою қажеттігін мәселе етіп көтеріп, шұғыл корреспонденцияларды шалғай елді мекендерге жедел жеткізу үшін бүгінгі жағдайда жекелеген өңірлердегідей автобус байланысын пайдаланса деген ұсыныс жасады. Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исманов бұған ешқандай кедергінің жоқтығын атап айтты. Ол үшін арнайы келісім жасалса – болғаны.

Сол күні комитет төрағасы Ризат Нұршабеков Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл бөлімшесінің ұжымымен, бейсенбі күні Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын көкейкесті мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырды, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp