«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГЕТИКТЕР ҚОЛ ЖЕТКЕНМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі – ТМРА Бақылау және іздестіру жұмыстары департаментінің директоры Асхат Жапсарбай мен облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің директоры Марат Мұстафин “Солтүстік Қазақстан Тарату электр желілері компаниясы” АҚ-да болды. 

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Электр желілері компаниясының қызметкерлері осының алдында ғана Жолдауды талқылаған кәсіпорын жиынын өткізгендіктен, бұл жолғы әңгімеде біліктілік пен белсенділік танытты. Асхат Тұрсынұлы Жолдаудың өзекті тұстарына тоқталды. Ал Марат Кәрімұлы энергетиктердің өңірдің энергиялық әлеуетін дамытудағы ұмтылысын жоғары бағалай отырып, бүкіл елдің экономикалық жағдайының электр қуатына байланысты екенін айтты.

– Біздің кәсіпорын Мемлекет басшысының идеясын толық қолдайды, еліміздің болашақ стратегиялық даму жоспарына бірге қадам жасауға ұмтыламыз. Бүгінде бізде кәсіпорынды жаңғырту мен құрал-жабдықтарды қайта жаңартудың ауқымды жобалары жүзеге асырылуда, осызаманғы қуат тиімділігі технологиялары пайдаланылуда. Компанияның электр қуатын тасымалдау көлемі жылдан-жылға өсіп, шығыны азайып келеді. Осының бәрі солтүстікқазақстандықтардың электрмен жабдықталу сапасы мен сенімділігін жақсарту үшін жасалып отыр, – деді компания президенті Александр Рейзлин.

Кәсіпорын энергетиктері 2013 жылы электр желілерін дамытуға 1 миллиард теңгеге жуық қаржы салған. Жиында айтылғандай, электр желілері компаниясының мамандары қол жеткенге тоқмейілсіп отырмақ емес, саланы қаржыландыру жылдан-жылға өсе түсетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp