«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АССМАБЛЕЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБСАРЫ – ҚЫЗЫЛЖАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәрсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов облыс орталығындағы Достық үйінде жергілікті этнобірлестіктердің өкілдерімен кездесті. 

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ,

журналист.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы өткен жартыжылда достықтың шырағын жағып, ауызбірлікке үндейтін 100-ге тарта шара ұйымдастырды.  

– Бүгінде облыстық ассамблеяда 22 этномәдени орталық жұмыс істейді. Аудандарда тағы 93 бірлестік құрылған. 11 этнос өкілдері жастарының басын қосқан клубымыз бар. №17 ұлттық өркендеу мектебі жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, әр этностың тілін, әдет-ғұрпын жоғалтпай, жаңғырту үшін барлық жағдай жасалған, – деді “Қазақстан кәрістері қауымдастығы” ҚБ облыстық филиалының төрағасы Евгений Хан.

Жиынды қорытындылаған Ералы Тоғжанов татулықтың қадірін білетін қауымға келер жылы Достық үйінің заманауи ғимараты пайдалагуға берілетінін жеткізді.

Осы күні Ералы Лұқпанұлы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешеніне, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Ал бейсенбі күні “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізген Ералы Тоғжановқа Ислам және Христиан діндерінің өкілдері жергілікті жағдайды баяндаса, “Іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ-нің төрайымы Бақытжан Сәмиева Қазақстан халқы Ассамблеясының болашағы жайлы сұрады. Ал М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушысы Зәуре Қартова 1995 жылы М.Қозыбаев жасаған жалпы тарихи-ғылыми тұжырымдама бүгінде ескіргенін, осы орайда жаңасын әзірлеу қажет екендігін жеткізді. Сондай-ақ жергілікті ғалымдар Қазақстан тарихшылары қауымдастығын құру жайлы ұсыныстарын жеткізді. Бұл мәселелер бойынша өз қолдауын танытқан Ералы Тоғжанов өздеріне жаңа тұжырымдама жөніндегі ұсыныстарын жіберу қажет екендігін айтып, ал тарихшылар қауымдастығын құруға еш кедергі жоқтығын жеткізді. Ал “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы директорының орынбасары Марат Нұрғалиев өз жобасын жүзеге асыру үшін көмек сұрай келді. Аталмыш жобаның мақсатын естіген Ералы Лұқпанұлы оны сараптамадан өткізу үшін қажетті құжаттарды Қазақстан халқы Ассамблеясына жіберу қажет екендігін айтты.

Қоғамдық қабылдаудан кейін Ералы Тоғжанов блыс орталығындағы №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешеніне барып, оның жұмысымен танысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp