Облыс аумағында 22-24 ақпанда ауа температурасының түнде 28-33-тен 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін төмендеуі күтіліп отыр.
Осыған байланысты ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу үшін шара қабылдауды ұсынады:
– өз әрекетіңізді көбінесе жылы бөлмелерде ұйымдастырыңыз;
– балаларды ерекше бақылауға алыңыз;
– елді мекендерден шығуға шектеу қойыңыз;
– автокөлікте алыс сапарға шығуды шегере тұрыңыз;
– осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, аурулар мен кәрілерге көмек көрсетіңіз.
Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің “112” телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Ол арқылы төтенше жағдай мен оқиғаның қаупі туындаған жағдайда хабарласуға болады.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.