Италиялық инженер Тони Тури мен әйгілі шоумен Альфонсо Замбрано Ақан серінің “Балқадиша” әнін өз тілдеріне аударып, сол әнге бейнебаян түсірді. Қазір олар жаңа жоба бойынша Қазақстанда жұмыс істеуде.
“Біз мәдениет, сән және туризм саласында екі ел арасында тығыз байланыс орнатқымыз келеді”, – дейді Альфонсо Замбрано.
Жоба шеңберіндегі алғашқы шара сәуірдің 4-і мен 5-і күндері Атырау қаласында өтеді. Онда әйгілі италиялық әнші, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы Гуэрино Папа концерт береді. Бұл концертте Тони Тури “Балқадишаны” өз тілінде орындайды. Оның сөзіне қарағанда, “Балқадишаны” жазып жатқанда бұл ән италиялықтарға өте ұнаған. Олар Ақан серінің әйгілі әні әлемдік хитке айналуы мүмкін деп баға берген.
“ҚазАқпарат”.