Бағлан ҚОЖАҚОВ.
Саумалкөл ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Кубрак жақында 90 жасқа келді. Соған орай Айыртау ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ағзам Тастеміров мерейтой иесін үйіне арнайы барып құттықтап, естелік сыйлық пен құттықтау хатын тапсырды.
Константин Ильич 1943 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, пулеметші болған. Жаумен кескілескен шайқастарда ауыр жарақаттанып, әскери госпитальға түседі. Жарақатынан айыққан соң қайтадан майданға жіберіледі. Гитлершіл басқыншылармен ұрыстарда көрсеткен ерліктері үшін «Ерлігі үшін», «Жеңіс үшін» медальдарымен марапатталып, елге жеңіспен оралған. Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда тың игеруге қатысып, қажырлы еңбек еткен.