«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКОНОМИКАНЫ ҚОЛДАУҒА 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Экономиканы қолдауға 1 трлн. теңге бағытталады және халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік жасалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті ынталандыру және қаржылық секторды сауықтыру мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

“Сыртқы қаржыландыру көздерінің біз үшін қолжетімділігі аз және бөлінетін несиелер өте қымбат. Банк жүйесіндегі ішкі резервтер шектеулі, өйткені отандық банктер дағдарыстан енді-енді шыға бастады. Осыған байланысты экономиканы, әсіресе, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ елімізде индустрияландыруды жалғастыру мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге мөлшерінде қомақты қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Ол азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды, еңбекақыларын төлеуді қамтамасыз етеді және жалпы тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік тудырады”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ел Президенті Ұлттық қордың бұған дейін 2008-2009 жылдары бүкіләлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңінде маңызды рөл атқарғанын, сол кезде бұл қордан айтарлықтай қаражат бөлінгенін еске салды. “Сөйтіп, Қазақстан экономикасы қыспақтан құтылды, сол кезде бүкіл әлемде орын алғандай зейнетақының, еңбекақының төмендеуіне жол берілген жоқ. Өздеріңізге белгілі, Еуропаның көптеген елдері әлі күнге дейін еңбекақы, зейнетақы және барлық басқа да төлемдерді азайтып, оның зардабын тартуда. Бүгінгі шешім Ұлттық қор құру жөніндегі біздің қадамымыз дұрыс болғандығын тағы да дәлелдеп отыр. Әлемдік дағдарыс әлі де жалғасып жатқанын ескерсек, мемлекеттің аяқастынан туындайтын қиын жағдайларға арналған резерві болуға тиіс”, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын негізді, нақты жобалар бар екеніне назар аударды. “Бөлінген қаражат, негізінен, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталатын болады. Экспортқа сапалы өнімдер шығару жөніндегі жобаларды іске асыру да маңызды. Осыған орай қарыз қаражатын бөлу мәселесімен айналысатын тиісті комиссия құрылатын болады”, – деді Президент.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp