«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында жергілікті суретші Александр Герасимовтың жеке көрмесі өтті. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Ол тұңғыш көрмесін 2006 жылы ұйымдастырған. Әрдайым шығармашылық ізденісте жүретін суретші одан кейін де бірнеше жеке көрмелерін өткізіп, топтық жобаларда да өз өнерін таныта алған. Ол боди-арт, фото және бейне-арт, дизайн, театр плакаттарының өнері бағыттарында жұмыс істейді. Суретші Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының репертуарына енген режиссер Тимур Кәрімжановтың “Оттегі” қойылымына плакат жасаған. Және бұл туындысы Одесса қаласында өткен халықаралық театр плакаттары байқауына да қойылып үлгерген.  

Өңірлік сурет өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар суретші көрмеге өзінің 18 туындысын ұсынған. Түрлі техникада орындалған туындылары әрқилы. Көрермен қауымды, әсіресе, әйел тәні бейнеленген кеуде мүсіндері таңғалдырды. Сурет өнеріндегі жаңа бағыт – боди-торс тәсілінде жасалған аталмыш рельефті туындылары арқылы суретші өмірге деген көзқарасын суреттеуге тырысқандығын айтады. Оның әріптестері суретшінің туындыларына қарап, адам бойындағы теріс пиғылды, жақсылық пен жамандықты байқауға болады дейді.

Саламатты өмір салтын ұстанатын Александр Герасимов велосипедпен серуендеуді өзіне әдет еткен. Суретші шабытының серуендеп жүргенде оянатындығын да жасырмады. Көптеген шығармаларының табиғат тақырыбына арналғандығы сондықтан. Суретшінің көрмесі бір айға дейін созылады.

Суретті түсірген  

Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp