Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2013 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес облыстың 148 объектісінде 22 бақылау іс-шарасын өткізді. Бақылаумен 77 815,1 млн. теңге, соның ішінде бюджетке түсетін түсімдер мен мемлекет активтерін пайдалану бойынша – 7 176 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражатын пайдалану бойынша 70 639,1 млн. теңге қамтылды.
Анықталған бұрмалаушылықтардың жалпы сомасы 22 377,4 млн. теңге, соның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша – 117,9 млн. теңге, мемлекет активтерін пайдаланған кезде – 776,6 млн. теңге, бюджеттік қаражаттарды жұмсау кезінде – 21 483 млн. теңге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзушылық 1 148,3 млн. теңгені құрады.
Бақылаумен қамтылған қаражаттардың жалпы көлемінде айқындалған бұрмалаушылықтардың үлесі 28,7%-ды құрады, бұл бюджет және өзге де заңнамалардың нормаларын бұзумен төрттен бір бөлігін пайдаланылғандығын куәландырады.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына жүргізілген тақырыптық бақылаулар екі Салық басқармасында жалпы сомасы 110,5 млн. теңге салық заңнамасын бұзушылықты анықтады, бюджетке түсуге жататыны – 4,8 млн. теңге.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін салық органдары толық көлемде пайдаланбайды, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады. Жергілікті бюджетке салықтық берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алудың шаралары уақтылы қолданылмайды. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін төлемшілерді әкімшілік жауапқа тартпау фактілері анықталды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы және уақтылығына жүргізілген тақырыптық бақылаулар тоғыз Жер қатынастары бөлімінде мемлекет активтерін пайдалану бойынша жалпы сомасы 275,2 млн. теңге бұрмалаушылықты анықтады, оның жергілікті бюджеттің кірісіне түсуге жататыны – 51,7 млн. теңге. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 27,7 млн. теңге түсті. Сатып алушылар Қазақстан Республикасының Жер кодексі нормаларын бұзып, жер учаскесін сатып алу бағасын толық және уақтылы төлемеген фактілер анықталды; жер учаскесінің бағасын және жыл сайынғы жалдық төлемді есептеу кезінде ставка дұрыс қолданылмаған, жер пайдаланушылармен шарттар уақтылы жасалмаған.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығына және уақтылығына жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша екі орман мекемесінде жалпы сомасы 1,1 млн. теңге салық және де басқа заңнамаларды бұзушылық анықталды. Бақылау объектілері мен заңды тұлғалардың қызметшілері жасалған құқық бұзушылықтарға әкімшілік әрекет шараларын қолданбаған, ағаш кесу билеттерін беру кезінде төлем шамасы дұрыс шығарылмаған, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасындағы түсімдер коды анық көрсетілмеген.
Анықталған бұрмалаушылықтар бақылау объектілерінің лауазымды тұлғалары қолданыстағы Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларының нормаларын сақтамайтындығын, салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтай және уақтылы түсімін қамтамасыз ету бойынша оларға жүктелген міндеттерді, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді толық орындамайтындығын куәландырады.
Мемлекеттік органдарда, салалық бағдарламаларында көзделген міндеттерді орындауға әлеуметтік саланы қаржыландырудың жыл сайынғы өсім көлемі бюджеттік қаражаттарды алушылардың қаржылық тәртіпті сақтауы жөніндегі шараларды қатаңдатуды талап етеді. Қазіргі уақыттағы жұмыс тәжірибесі бюджеттік қаражатты жоспарлау, бөлу және тиімді пайдалану кезінде проблемалардың бар екендігін көрсетеді.
Жергілікті бюджетті жоспарлау кезіндегі заң бұзушылы жүйелі сипат алған. Бағдарлама әкімшілері бюджеттік өтінімді бюджетті жоспарлау бойынша уәкілетті органдарға шығын көлемін негіздеулерсіз және сәйкес есептеулерсіз ұсынады, бұл Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің негізділік қағидаттарын бұзу болып табылады.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағы бақылаудың нәтижелері ТМКҚК қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын өтеу, көрсетілген қызмет үшін 13 512,6 млн. теңге бақылау сапасы нәтижесінің және медициналық көмек көрсету көлемі болмай тұра жасалған.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабы 4-тармақшасында көзделген, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидатын бұзуға, республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерді қоса, жалпы сомасы 280 млн. теңгеге медициналық жабдықтарды тиімсіз пайдалануға жол берілген.
Ғ.Мүсірепов атындағы және Есіл аудандарының аумақтарын дамыту бағдарламасын (АДБ) бағалаудың нәтижелері АДБ экономиканың өндірістік және өндірістік емес секторларының барлық салаларында мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты көзқарасты талап ететінін көрсетті. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептері осы себептерді талдау бойынша тиісті жұмыстардың болмауы және оларды жою бойынша шаралардың қабылданбауы, АДБ-ты әзірлеу кезінде немкетті көзқарас болып табылады.
Білім саласындағы бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдаланудың мысалы 2008 жылы салынған баланстық құны 266 млн. теңге, жалпы алаңы 1534,3 шаршы метр, жобалық қуаты 80 орындық Есіл ауданындағы Ақтас ауылындағы мектеп болып табылады. Жүргізілген талдау халықтың көшуіне байланысты жыл сайынғы оқушылар санының азаюын көрсетті: 2006-2007 оқу жылы осы мектепте 73 оқушы оқытылды, 2009-2010 оқу жылы – 51 оқушы, 2012-2013 оқу жылы – 39 оқушы. Жалпы алғанда, 2006 жылдан 2013 жылды қоса алғанда халық саны 133 адамға азайды. Бүгінгі күні ауылда 301 адам тұрады.
Есіл ауданының Тауағаш ауылында мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бойынша 2012 жылдың 7 желтоқсанынан жалпы көлемі 3408 шаршы метр, құрылыс бағасы – 336,8 млн.теңге, 90 орындық мектеп пайдалануға берілген, алайда оны күні бүгінге дейін Құрылыс басқармасы аудандық Білім бөлімінің балансына тапсырмаған.
Облыстың үш ауданында біліктілік талаптарына сәйкес емес мектеп мұғалімдерін ұстау фактілері анықталды (педагогикалық арнаулы білімі жоқ мұғалімдер): М. Жұмабаев ауданында – 10 мұғалім (2,2 млн. теңге), Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда – 3 мұғалім (0,9 млн. теңге), Есіл ауданында – 26 мұғалім (7,5 млн.теңге).
Бюджет қаражатын жұмсау кезінде жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелерін талдау, негізінен олар бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі шығыстарды дұрыс жоспарламаудың, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама саласындағы бұзушылықтардың, жергілікті бюджеттің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкеспеуінің, жабдықтаушылардың шарттық міндеттемелерін орындамауының, тапсырыс беруші мердігерлердің шарттық міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін айыппұлдық санкциялар ұсынбауының, тапсырыс берушілердің жабдықтаушыларды мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану туралы сот органдарына талап-арыздар бермеуінің, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептіліктің, жалақы төлемін жасаудың дұрыстығын бұзудың салдары болып табылатын ассигнациялауды арттыру орын алған.
Бақылау объектілерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы айқындалған бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою мақсаттарында Тексеру комиссиясының қаулыларында 16 ұсыныс және 157 тапсырыс берілді, олар мерзімдері жеткенін есепке ала отырып, барлығы толығымен орындалды.
7 бақылау объектісінің материалдары құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға жіберілді. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 142-бабы 10-тармақшасына сәйкес облыс мәслихаттарына Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамау фактілері бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты 16 ұсыным жолданды (5 – облыстық, 1 – қалалық, 10 – аудандық мәслихаттар).
Қаржылық тәртіпті бұзуға жол бергені үшін жауапкершілікке 159 тұлға, соның ішінде тәртіптікке – 106, әкімшілікке – 53, соның ішінде Салық басқармасына жолданған бақылау материалдары бойынша 40 жер пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру комиссиясының бақылау материалдары бойынша салынған жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 7,7 млн. теңгені құрады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының басты міндеті қаржылық тәртіп деңгейін арттыру, бюджеттік рәсімдерді жақсарту, бұрмалаушылықтардың алдын алу және жол бермеу, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне бақылау жүргізу болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы.