Мұратбек ЗЕЙНУЛЛИН,
Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы.
Қоғамымызда этносаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету оның тұрақтылығы мен тиімді қарекетінің міндетті шарты болып табылады және мемлекеттің өте маңызды басымдықтарының саласына жатады. Қазақстандағы татулық, мәдениеттің және діннің үнқатысуы орынды түрде әлемдік үлгі ретінде танылып отыр. Өткен жылдары өзара түсіністіктің, төзімділіктің және келісімнің негізінде халықтың топтасуының берік негізі қаланды.
Мемлекет басшысы 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында: “Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар уақыт сынынан өткен қазақстандық жол тәжірибесі. Біріншіден, бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астанасы. Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, бұл зайырлы қоғам және жоғары руханият”, – деп атап көрсетті.
Саяси, мәдени және рухани-адамгершілік басымдықтарды және қазақстандық қоғамды дамытудағы маңызды бағдарды айқындайтын осы бір ұстанымдардың ел Конституциясының 1-бабында бар екендігі белгілі. Негізге алынатын осы құжаттың тиісті тарауында адамның өзінің діни ұғымына сәйкес өмір сүру бостандығы мен құқығы туралы ереже бар.
Зайырлы Қазақстан “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” қолданыстағы ұлттық заңның нормаларынан туындайтын ождан бостандығы, діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлектігі, мемлекеттік немесе жалпыға міндетті діннің жоқтығы, діни бірлестіктердің заң алдындағы бірдейлігі, әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуде мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы өзара іс-қимыл сияқты сапалы белгілермен сипатталады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде рухани дәстүрлер мен діни құндылықтар жаңғырды, мешіт, шіркеу, мінәжат үйлері сияқты жаңа ғибадатханалар салынды, ескілері қайта жаңартылды. Құрбан айт пен Рождество діни мейрамдары демалыс күндері болып жарияланды.
Өңірімізде мемлекеттік органдар мен көптеген діни бірлестіктер арасында сенімді қарым-қатынас орнаған. Жетекші конфессиялардың жетекшілері – облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері. Діни бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдерінің қоғамдық-саяси шараларға қатысуы әдеттегі көрініске айналды. Облыс аумағында 132 діни бірлестік пен олардың филиалдары бар, оның ішінде 64-і – исламдық, 31-і – православиелік, 11-і – католиктік, 26-сы – протестанттық. 162 ғибадат орны, оның ішінде 65 мешіт, 27 православиелік шіркеу, 44 католиктер шіркеуі, 29 протестанттық мінәжат үйі бар.
Біздің басқарма 7 таяу және алыс шетелдерден 48 миссионерді тіркеді. Олардың басым дені рим-католик шіркеулерінің миссионерлері болып табылады.
Діни экстремизмнің алдын алуда ақпараттық-насихат топтарының рөлі зор. 2013 жылдың қарашасында облыстық, қалалық және 13 ауылдық АНТ-ның құрамдары нақтыланды. Облыстық топтың құрамындағы 7 адамның діни және теологиялық білімдері бар. Аудандық топтарға 94 адам енгізілді және олардың құрамы Дін істері жөніндегі агенттіктің ұсыныстарына сәйкес қайта қаралды. 194 ауылдық округтегі 13 аудандық топ бойынша қосымша топтар ашылды.
Биылғы жылы семинарлар өткізу, конференцияларға, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының курстарына шақыру арқылы аудандық топтар мүшелері үшін курстар ұйымдастыру көзделіп отыр.
Имамдардың діни сауаттылығын арттыру тұрғындарды ұшқары идеологиядан сақтандыру біздің басқарма жұмысының бір бағыты болып табылады. Өткен жылдың көктемінде Ішкі саясат басқармасы біздің басқармамен бірлесе отырып, қалалық және аудандық мешіттердің имамдарының білімін арттыру курсын ұйымдастырды. 18 имам мен наиб имам сертификат алды. Бұл курстарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, “Нұр” университетінің, құқық қорғау органдары мен прокуратураның қызметкерлері, жергілікті университеттің оқытушылары, мемлекеттік қызметшілер дәріс оқыды.
Өткен жылғы 24 қазанда өткізілген “Дін және патриотизм” тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруда маңызды рөл атқарды. Оған аудан әкімдерінің орынбасарлары, Ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жергілікті мемлекеттік органдардың жетекшілері, “Дінтану негіздері” пәнінің мұғалімдері, жергілікті діни бірлестіктердің жетекшілері – барлығы 500-ден астам адам жиналды.
Қызылжар орталық мешіті “Ислам және дәстүр” деген тақырыпта облыстық конференция өткізді. Оған қатысқандар – ауыл мешіттерінің қызметкерлері, студент жастар, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері. Үстіміздегі жылы қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың дінаралық келісімді нығайту және діни төзбеушілік көріністеріне қарсы әрекет жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында біздің басқарманың жанынан “Дін мәселелерін үйрену жөніндегі орталық” коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру жоспарланып отыр. Ондағы сенім телефоны бойынша психологтер, заңгерлер білікті ақыл-кеңес беретін болады. Ұшқары ғибадатханалардан зардап шеккендердің туған-туысқандары оған жүгіне алады. Сондай-ақ дін мәселелері бойынша ақпараттық мәселелер, әлеуметтік роликтер көрсетіледі. Бұл орталықтың кадрлар құрамы дінтанушы ғалымдардан, социологтардан, психологтерден, философтардан, заңгерлерден жасақталатын болады.
Өткен жылдың соңында Дін істері жөніндегі басқарманың сайты ашылған болатын. Облыстағы дәстүрлі діннің рухани құндылықтары, мемлекеттік құрылымның зайырлылық ұстанымын насихаттауды, сондай-ақ діни экстремизм мен лаңкестіктің таралуының алдын алуды көздейтін сайт бұл. Онда діни салаға қатысты небір мәселелер бойынша ақпарат алуға болады.
Тұтастай алғанда басқармамыз биыл мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылының нышандары мен тәсілдерін жетілдіруді, дінаралық келісімді нығайтуды және діни экстремизмнің түрлі нышандарының алдын алуды діттейтін кешенді жұмыс жалғастырылатын болады.
Биылғы Жолдау – мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуының жаңа әрі ауқымды стратегиясы, сонымен бірге іс-қимылдың дәл әрі мүлтіксіз жоспары. Белгіленген жоспарды орындау азаматтарымыздың әлеуметтік қауіпсіздігі мен берекесін анағұрлым арттыруға, еліміздегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал жасайды.