«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 25 жыл толуына орай “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында патриоттық кездесу өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедектердің шығармашылық бірлестіктерінің мүшелері және өңір жастары қатысты. 

Кездесудің қонақтары қатысушыларға ой салып, үлгі боларлық әсерлі әңгіме айтты. Өміріне үлкен сабақ болған соғыс туралы сөз алғандар қатарында облыс әкімінің мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Владислав Демьянов пен Ауған соғысының ардагері, екінші топ мүгедегі Александр Куркин болды.

– Ауған соғысы мақсат-міндеті, тактикасы мен бағыт-бағдары жағынан ерекше соғыс болды. Тікелей жаумен көзбе-көз шайқасқа шықпай, өзге елде, өзге жерде, дұшпаныңның кім екенін білмей, қырағылық пен барлау арқылы қорғану, өз еліңнің, Отаныңның саяси тапсырмасын орындау, адам төзгісіз қиын жағдайда өмір сүру – осының бәрі сол соғысты көзбен көріп, Отан алдындағы борышын өтеп келген біздер үшін әлі күнге дейін жүрегімізге түскен жазылмас жара іспеттес, – десті олар.

Сұрапыл соғыстың зардабын көрген ер-азаматтар кездесуде көзбен көрген оқиғалары мен сол жылдардағы жағдай туралы сөз қозғаған ардагерлер ешқашан да соғыс болмасын деген ортақ ойларын айтты. Сөз соңында от пен оқтың ортасынан аман келген ардагерлер жастарды білімге, ізгілікке, адамгершілікке шақырды.

Кездесуде әңгіме болған тақырып өскелең ұрпақ өкілдерін бейжай қалдырмады. Шара соңында мүгедектердің шығармашылық бірлестіктерінің мүшелері арнайы концерттік бағдарламаларын көрермендер назарына ұсынды.

(Өз тілшімізден). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp