«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГОЛОВКИН ҮШ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2014 жылы тағы үш жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

Таяудағы жекпе-жек 26 сәуірде өтпек. Ал тағы екі жекпе-жек жазда және күздің соңына қарай белгіленген. Алайда,қарсыластардың аты-жөндері әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде Г. Головкин – WBA/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. 26 сәуірдегі кездесу Нью-Йоркте өтеді. Ол GGG үшін кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болмақ. Қазақстандық боксшы осы кезге дейін бірде-бір рет жеңілместен келеді. Соның ішінде 26 рет қарсыласын нокаутқа жіберген.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp