2014 жылғы 1 қаңтарға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 9367 заңды тұлға тіркелген.
2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңадан 529 заңды тұлға тіркеліп, 228 шаруашылық жүргізетін субъект (тіркелгендердің 43,1%-ы) қызметін жүзеге асыруға кірісті.
Жаңадан тіркелген шаруашылық жүргізетін субъектілер ішінде 528-і (99,8%-ы) шағын, 1 (0,2) орта кәсіпорындар болып, 51 (9,6) мемлекеттік меншік нысанына, 434 (82,1) жекеменшік, 44 (8,3%) шетел меншігіне жатады.
Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, ауыл, орман және балық шаруашылығы, өзге де қызмет түрлерін ұсыну, құрылыс салаларында жаңа шаруашылық жүргізетін субъектілердің қарқынды құрылу үдерістері тіркелген.
Таратылған 274 шаруашылық жүргізетін субъектілерінің 73-і (26,7%) мемлекеттік меншік нысанында, 190-ы (69,3) жекеменшік, 11-і (4%) шетел меншігінде.
Заңды тұлғалардың ең көбі Петропавл қаласында (74,7%), Ғабит Мүсірепов және Тайынша (3,6%), Айыртау (3%), Жамбыл (2,6%), Ақжар (2,1%), Аққайың (1,9%) аудандарында тіркелген, таратылған заңды тұлғалардың ең көбі Петропавл қаласына (46%), Мағжан Жұмабаев (6,9%), Қызылжар және Шал ақын (6,6%), Жамбыл (5,5%) аудандарына келеді.
Облыстық Статистика департаменті.