22 ақпанда жол-патрульдік полициясы қызметкерлері “Оңтүстік” бақылау бекетінде жеңіл автокөлікті тоқтатты. Оны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті жүксалғышта жатқан кіржуғыш машинадан есірткі затын анықтады.
Сараптама берген қорытындыға сәйкес 1 кг. 837 гр. салмақтағы тәркіленген зат героин болып шықты.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол Астана қаласында такси жүргізушісі болып қызмет етеді. Елордадан келе жатқан ер адам жүкті клиентінің өтініші бойынша алып, оны Петропавлдағы автовокзалда тапсыруы тиіс болған.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Есірткімен күрес жөніндегі басқарма бастығы, майор Мұрат Баукеновтің айтуынша, бұл жыл басынан анықталған есірткі қылмыстары ішіндегі ең ірі көлемдегі есірткі партиясы болып отыр. Жыл басынан бері барлығы 22 есірткі қылмысы ашылған. Заңсыз айналымнан 11 кг. 825 гр. түрлі есірткі заты тәркіленді, соның ішінде героин – 2 кг. 050 гр.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.