«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТҚА ТҮССЕ ДЕ КҮЙМЕГЕНДЕР өрт жалынынан қаймықпайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өртке қарсы қызмет органдарында Ауған соғысының алты жауынгері қызмет атқаруда, ал екеуі құрметті зейнетке шықты. Соғыстың сұрапыл жылдарынан өтіп, бейбіт уақытта күрделі және тынымсыз өртсөндіруші мамандығын таңдады, күн сайын тілсіз жау – отпен білек сыбана күреске түседі.

Әрқайсысының әскери тарихы мен тағдыры бар, алайда барлығын соғыс біріктірді. Кезінде барлығы кеңес әскерінің қатарына шақыртылып, Отан алдында парызын өтеу барысында алыс жатқан елге жеткізілді.

1989 жылдың 15 ақпан күні кеңестік соңғы солдат Ауғанстан аумағын тастап шықты. Олар абыроймен соғысты, олардың ерлігіне ешкім күмәнданған жоқ. Жуырда СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Әсет Ысмағұлов басқарған СҚО ТЖД-нің бір топ қызметкері СҚО ТЖД ардагерлері, интернационалист-жауынгерлерді атаулы күнмен құттықтады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ардагері Қажымұрат Нұрмұқанов 1985 жылдың желтоқсан айынан 1986 жылдың желтоқсанына дейін тура бір жыл Ауғанстан Демократиялық Республикасында орналасқан полкте қызмет атқарды. Оның алғашқы жауынгерлік сабақ алған мотоатқыштар батальоны Джалалабад қаласында орналасқан еді. Ол бөтен елдің барлық жерлерінде жауынгерлік операциялармен болып, көз алдында жолдастарының қаза болғанын көрген. Қажымұрат Запкенұлы барлық сынақтан сүрінбей өтіп, еліне марапатпен қайтты.

Өртке қарсы қызмет ардагері Александр Пуртов Ауғанстанда 1,5 жыл қызмет атқарды. Ол Бадахшан провинциясындағы Файзабаде қаласында мемлекеттік шекараны қорғайтын жеке полкте қызмет атқарды. Александр Викторович сол кезді еске алса, терең ойға кетеді. Соғыстың сұрапыл жылдарын еске алғысы келмейді, алайда жанарынан сол бір ауыр кездің із қалдырғаны сезіледі. Ол бір оқиғаны еске алды: 1981 жылдың 11 сәуірі күні мехколонна таулы жолмен жылжып келе жатқанда олардың автокөлігі минаға ұрынған. Жарылыс болып, айнала қара түнек болып кеткен. Есін жиса, Термез қаласында орналасқан госпитальға тікұшақпен бара жатыр екен, ол жерде 1,5 ай ем алған. Бірқатар жауынгерлік операцияларға қатысты, бір түннің өзінде 6-8 шабуылға төтеп берген кездері де болды.

Интернационалист-жауынгерлерге СҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің атынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды, жылы лебіз, жарқын тілек айтылды.

Қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімшелерінде қызмет атқарып жүрген ауғандық жауынгерлерді жергілікті әкімдер және СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ-нің басшылығы құттықтады.

СҚО ТЖД-нің кадр жұмысы бөлімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp