«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РИЗА ҚЫЛҒАН РОМАНСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Анна КУЧЕРЕНКО,

зейнеткер.

Петропавлдағы Достық үйінде облыстық филармонияның өңірге танымал өнерпазы Юрий Колчин жетекшілік ететін камералық хор ұжымы тамаша ән кешін өткізді. Онда сезім қылын шертетін 25 романс шырқалды. Әсіресе, А. Пушкиннің сөзіне жазылған “Мен сізді сүйдім”, М. Лермоновтың “Әм жалықтым, әм жабықтым”, И. Тургенев мәтінін жазған “Тұманды таң” романстары өте әсерлі шықты. Ән кешінде М. Глинка, А. Даргомыжский, А. Варламов және тағы басқа танымал композиторлардың шығармалары орындалды.

Жүректің жан сырын қозғайтын сүйіспеншілік әндері тыңдаушыларын жастық шақтың мөлдір бұлағынан сусындатқандай әсер беріп, әсіресе, егде жастағылардың көңілін бір толқытып өтті.

Кештің шарықтау шегінде айтылған П. Булаховтың “Есіме салма өткенді” романсын Лилия Петрова мен Николай Колокольчиков дуэтінің жеріне жеткізе орындағаны сондай – кейбір нәзік жандардың көздеріне жас та үйірілді. Сонымен бірге Л. Фасхутдинова, Н. Когдина, С. Логвиненко, А. Теміржанова, Б. Ғабдуллина, Н. Пневских, В. Быков, А. Нұрахметов сияқты әншілердің орындауындағы туындылар да жан тебірентерліктей әсерлі, жоғары кәсіптік шеберлік деңгейінде болды. Сезім әсерлерін жеткізе білген саз әуендерінің осындай жоғары дәрежеден табылуына хордың көркемдік жетекшісі әрі дирижёрі Юрий Колчиннің сіңірген еңбегі зор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp