Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында “Ашық есік күні” өтті.
Бұл іс-шараға Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл педагогикалық колледжінің 1-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қойды, әсіресе, алқа билер қатарына қабылдану тәртібі; қазіргі кезде өлім жазасы бар ма деген сияқты сұрақтар олардың қызығушылықтарын тудырды.
Кездесудің аяғында студенттер сот ғимаратын аралап, кеңсе жұмысымен танысты, сот отырысы залдарын қарады.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтты.