«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫ БІР ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ҚҰРЫЛМАҚШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы “Бомбардьер” компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің перспективалары, атап айтқанда, елдегі көлік қызметінің аясын кеңейту жайы талқыланды.

– Біз “Бомбардьер” тәрізді белгілі компанияның Қазақстан нарығына келуіне мүдделіміз. Осыған байланысты тағы бір отандық “Эйр Қазақстан” әуе компаниясын құруды жоспарлап отырмыз, ол бастапқы кезеңде ішкі рейстерді атқаратын болады. Өздеріңіз білетіндей, біз сондай-ақ BAE Systems компаниясымен бірлесіп “Эйр Астана” әуе компаниясын құрдық. Басқарудың осы тәжірибесін жаңа компания құру кезінде де пайдалануға болады. Бұдан бөлек, отандық ұшқыштар және еліміздегі техникалық қызмет көрсету орталықтарына мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық аса маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті мейлінше тығыз ынтымақтастық үшін республикамызда компания өкілдігін ашу және бірлескен қызметті өңірлік деңгейге көшіру қажеттігіне тоқталды.

– Біз көлік қызметінің сапасын арттыру және жалпы Қазақстанның көлік саласын дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Авиациялық техниканы жеткізу – бірлескен қызметіміздің шағын ғана бөлігі екеніне сендіргім келеді. Біз өз технологияларымызды енгізуді әрі мол тәжірибемізді қолдануды да жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, Қазақстанның ұшқыштарын оқытып, ұшақтарға қызмет көрсететін сервистік орталықтар құрып, осы арқылы Қазақстанмен ұзақмерзімді перспективада жұмыс жүргізетін боламыз, – деді Пьер Бодуэн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp