“СевКазЭнерго” АҚ-да кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығының құрметіне интернационалист-жауынгерлерді марапаттауға арналған салтанатты шара болып өтті. Ауған соғысына қатысқан энергетиктер мерекелік медальдар ғана алып қоймай, басқарма төрағасы Еділ Көпенов оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тапсырды.
Мерекелік шараға Петропавл қаласы Қорғаныс істері бойынша басқармасы бастығының орынбасары Константин Рожнов, “Ауғанстанның және Қазақстан Республикасының жергілікті соғыс ардагерлері кеңесінің” Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоғамдық бірлестігінің өкілі Виктор Старовойтенко қатысты.
– Біз “СевКазЭнерго” АҚ-ның кәсіпорындарында Ауған соғысының ардагерлері еңбек ететінін мақтан тұтамыз. Сіздер өз істеріңіздің майталмандарысыздар. Көрсеткен ерліктеріңіз, төзімдеріңіз үшін Сіздерге үлкен құрметімізді, шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Өздеріңізге және туыс-туғандарыңызға зор денсаулық, сәттілік, бақыт пен шаттық тілейміз, – деді “СевКазЭнерго” АҚ-ның басқарма төрағасы Еділ Көпенов.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның кәсіпорындарында Ауған соғысының он екі ардагері еңбек етеді. Салтанатты шара үстінде от-жалыннан оралған петропавлдық жауынгерлер Игорь Страшко, Иван Подлепаев, Геннадий Каргаполов, Александр Азегов, Сергей Жолудев, Александр Валевич және Игорь Козленко марапатталды.
Қалған ардагерлерге облыс аудандарында жұмыс істейтін жерлерінде құрмет көрсетілді.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімі.