«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚАША

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Барыс” БЖСМ-де қыздар арасында баскетболдан қала біріншілігі өтті. Оған жеті құрама команда, 70-тен астам спортшы қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңістің биік тұғырына “Барыс” БЖСМ-нің тәрбиеленушілері көтерілді. Ал екінші және үшінші орындарды сәйкесінше мектептен тыс жұмыс бойынша балалар-жасөспірімдер орталығының құрамасы және Петропавл темір жол колледжінің командасы ие болды.

***

Облыс орталығында “Күрес” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1997-2000 және 2001-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық қала біріншілігі өтті. Турнирге 136 спортшысы қатысты.

Сайыс қорытындысында өз салмақ дәрежелері бойынша Алишер Беисов, Хамид Набиев, Рамазан Сәлім, Андрей Пилипенко, Арслан Икласов, Диас Балапан, Бекзат Тұяқов, Денис Пилипенко, Сәбит Мәліков, Ризавди Жаниев, Николай Михин, Абылайхан Садыма, Исмаил Исмаилов, Жәнібек Танабаев, Байрыжан Мусин жеңімпаздар атанды.

***

Жуырда еркін күрестен облыс кубогы сарапқа салынған турнир аяқталды. “Күрес” БЖСМ-де өткен аталмыш сайыста 4 құрама команда, 40-қа жуық балуан белдесті.

Дода қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды “Күрес” БЖСМ-нің тәрбиеленушілері иеленді. Қызылжар ауданының БЖСМ-і екінші орыннан көріне білсе, ал Мамлютка қаласының спорт мектебінің балуандары үздік үштікті тұйықтады.

***

Теміртау қаласында жүзуден Қазақстанның ашық біріншілігі аяқталды. Оған 1998 жылдары туған жасөспірімдерден жасақталған 17 құрама команда қатысты. Аталмыш сайыста солтүстікқазақстандық бес жүзгіш өңір намысын қорғады.

Сайысқа жерлес спортшылар аз құраммен қатысқанымен, жақсы нәтиже көрсетіп, 17 команданың ішінде сегізінші орынды иеленді.

Жекелей есепте Самат Қазбеков 50 метрге брасс әдісімен жүзуде топ жарып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ 200 метрде – екінші, ал 100 метрде үшінші болды. Тағы бір жерлесіміз – Глеб Тимошин 400 метрге кешенді жүзуде қола медальға қол жеткізді. Тимур Хайыров 200 метрге кешенді жүзуде үшінші нәтиже көрсетті. Ал Владислав Кутиков 400 метрге кроль әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзіп, спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады.

Ерлер арасындағы эстафетада 4х200 метрге кроль әдісімен жүзген жерлестеріміз мәре сызығын үшінші болып кесіп, құрама қоржынына тағы бір қола медальды салды.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp