Эльдар ҚАЖЫМҰРАТОВ,
Үлгі орта мектебі
“Жас Қыран” ұйымының жетекшісі.
Ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай Үлгі орта мектебінде “Жігіт сұлтаны” сайысы болып өтті.
Сайысқа 3-6-сыныптарда оқитын ұлдар қатысты. 10 турдан құралған сыннан сүрінбей өткен 5-сынып оқушысы Асхат Мұхамеджанов “Жігіт сұлтаны” белдігін тақты. Ол өзінің байсалдылығымен қатар, өзін таныстырудан бастап, өнері мен қолөнер шеберлігімен ерекше көзге түсті. Шапшаңдық, тапқырлық, нысанаға көздеп ату сынды жарыс түрлерінен Қайырбек Нұрсұлтан және Науан Шапағат белсенділік танытты.
Жамбыл ауданы.