Сендердің жақсыларыңыз – Құранды үйреніп және оны басқаларға үйреткендеріңіз.
* * *
Кім бір жақсылыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің алған сауабынша сауап алады. Мұнымен қоса олардың сауаптары кемімейді. Кім жамандыққа шақырса, оның өзіне ілескендердің күнәсіндай күнә алады. Мұнымен қоса олардың күнәларынан еш нәрсені кемітпейді.
* * *
Кімде-кім күн батысынан шыққанға дейін (яғни қиямет орнағанға дейін) тәубе ететін болса, Алла оның тәубесін қабыл алады.
* * *
Шын мәнінде шындық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық болса жәннатқа жетелейді. Шынында, бір адам шындық айтса, тіпті, Алланың қасында “шыншыл” деп жазылмақ. Шын мәнінде өтірік бұзықтыққа жетелейді, ал бұзықтық отқа жетелейді. Шынында, бір адам өтірік айтып, Алланың қасында “өтірікші” деп жазылмақ.
* * *
Тамақты жеудің алдында Алла тағаланы еске алыңдар (яғни, “бисмилләһ” (Алла тағаланың атымен) деп айтыңдар). Тамақты жеудің алдында Алла тағаланы еске алуды ұмытқан жағдайда: “Тамақтың басында, соңында Алла тағаланың атымен жедім (бисмилләһи әуәләһү уа ахираһү)”, – деп айтсын.
* * *
Екі адамға жеткен ас үш адамға да жетеді. Үш адамға жеткен ас төрт адамға да жетеді.
* * *
Береке астың ортасында болады. Сондықтан асты ортасынан емес, жанынан (яғни, өз алдыңнан) бастап жеңдер.