«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.02.2014

ҚЫЗЫЛЖАРДА “ҚАРИЯЛАР ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ” БАР

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавлда “Қариялар тәрбие мектебінің” тұсаукесері өткізілді. Жиынға төрағалық еткен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов:   – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында: “Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың Ұлттық Идеясы”, – деп атап көрсетті. “Ел болам десең, бесігіңді түзе” дегендей, жарық …

ҚЫЗЫЛЖАРДА “ҚАРИЯЛАР ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ” БАР Read More »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жол апаттарының алдын алып, қоғамдық көліктердің жолаушылар тасымалдауын жайлы ете түсу мақсатында солтүстікқазақстандық әмбебап полицейлер ақпанның 24-інен облыстық “Автобус” жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Тәртіп сақшылары рейдтің тек алғашқы екі күні ішінде жол ережесінің қатаң бұзылуының 119 фактісін анықтады.  Аталмыш шараға барлығы 60-тан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Олар шара барысында күнделікті жол ережесінің сақталуынан басқа жолаушылар …

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ Read More »

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – ӘМБЕБАП ПОЛИЦЕЙЛЕР

СҚО ІІД-де өткен салтанатты шарада Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шағын футбол қорытындысы белгілі болып, жеңімпаздар марапатқа ие болды. Бүгінгі күні облыстың ішкі істер органдары қатарында 80-інші жылдары Ауған жеріндегі қарулы қақтығыстарға қатысқан 6 полиция қызметкері қызмет етеді. Бұдан басқа 13 жауынгер интернационалистік парыздарын орындағаннан кейін ішкі істер органдарына қызметке қабылданып, осы жерден еңбек …

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – ӘМБЕБАП ПОЛИЦЕЙЛЕР Read More »

ЗАНСЫЗ ҚАРУ ҚАУІПТІ

Полицейлер заңсыз сақталған қарулар мен оқ-дәріні тәркілеу мақсатында алдын алу жұмыстарын күшейтті. Өткен аптада тіркелмеген алты тегіс оқпанды мылтық табылды. Ал жыл басынан бері мұндай 18 қару тәркіленді.  Қалалық ІІБ-нің “102” нөміріне мас күйдегі ер адамның бір отбасын қарумен қорқытып жатқаны туралы ақпарат түседі. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері шу шығарған азаматтың тегіс оқпанды мылтықты …

ЗАНСЫЗ ҚАРУ ҚАУІПТІ Read More »

ҚАЗАҚША ҮЙРЕНГЕНДЕР ҚАТАРЫ әлі көңіл көншітпейді

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың алқа жиыны болып, онда екі мәселе әңгіме арқауына айналды. Біріншісі – тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Солтүстік Қазақстан облысында іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының өткен жылы орындалуы және 2014 жылғы міндеттер туралы. Бұл жөнінде басқарма бөлімдерінің 2013 жылы атқарған жұмыстары тыңдалып, қорытындыланды. Олар …

ҚАЗАҚША ҮЙРЕНГЕНДЕР ҚАТАРЫ әлі көңіл көншітпейді Read More »

ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ САЙРАП ЖАТЫР

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауын шын ықыласпен тыңдады. Өйткені, онда республикамыздың әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тұжырымдамада отандық ғылымға айрықша көңіл аударылып, зор үміт артылып отырғаны оларды осынау жауапты …

ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ САЙРАП ЖАТЫР Read More »

СОТ САРАПШЫСЫ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында СҚО бойынша Сот сараптамасы институтында қызмет ететін сарапшы қыз-келіншектер туралы сөз қозғағым келеді. Бүгінгі күні республикадағы сарапшы мекемелерде қызмет ететіндердің жетпіс пайызға жуығы – нәзік жандар. Солардың бірі – 3-сыныпты заңгер, СҚО бойынша Сот сараптамасы институты басшысының орынбасары Бақытгүл Жұманбаева.   Дәурен ГАБДУЛМУЛИНОВ, СҚО бойынша Сот сараптамасы институтының сарапшысы. Сарапшы жұмысы …

СОТ САРАПШЫСЫ Read More »

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – МЕМЛЕКЕТТІК ІС

Азамат ОРЫМБАЕВ, Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы. Жыл сайын 1 наурызда әлем жұртшылығы Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді. 1931 жылы Парижде “Женевалық аймақтар қауымдастығы” ұйымы құрылды, ол бастапқыда негізінен соғыс уақытындағы іс-қимылға бағдарланған азаматтық тұрғындарды қорғауды ұйымдастырумен айналысты. 1958 жылы қауымдастық Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) болып қайта құрылды. Басында азаматтық қорғаныстың …

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – МЕМЛЕКЕТТІК ІС Read More »

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ БАР

Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Марат Мұстафин жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізіп, онда 2013 жылдың жұмыс қорытындыларын және департаменттің осы жылғы негізгі бағыттары мен міндеттерін сөз етті. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Хабарламада айтылғандай, департамент есепті жылы қыруар жұмыс атқарып, 43 табиғи монополиялар субъектісіне және 8 доминант-субъектіге бақылау жасап отырған. Жыл ішінде табиғи …

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ БАР Read More »

“ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020” БАҒДАРЛАМАСЫ еңбек нарығына оң серпін берген

“Қазақстан” телерадиокорпорациясы” АҚ облыстық филиалында облыстық ведомство басшыларының қатысуымен өтіп жатқан дәстүрлі баспасөз конференциясында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Сақыпкереев тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Өңірімізде “Жұмыспен қамтудың Жол картасы– 2020” бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырған басқарма басшысы осының арқасында еңбек нарығындағы көрсеткіштердің жақсарғандығын тілге тиек етті. Жалдамалы …

“ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020” БАҒДАРЛАМАСЫ еңбек нарығына оң серпін берген Read More »

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 19 ЖЫЛ

Достық үйінде “Мәңгілік Ел” – Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлігі мен келісімінің тұғырнамасы” тақырыбында “дөңгелек үстел” болып өтті. Оған ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, жастар мен әртүрлі ұйымдардың өкілдері қатысып, Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясындағы қазақстандықтар алдына қойған міндеттерді орындау барысын талқылады.  Гүлбике КУБЕНОВА. “Солтүстік Қазақстан”. Алдымен “дөңгелек үстел” басына жиналған қауым Қазақстан халқы Ассамблеясының …

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 19 ЖЫЛ Read More »

БӘРІ ДЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Бұрнағы күні “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров қоғамдық қабылдау өткізіп, 16 азаматтың өтінішін тыңдады. Қызылжар аудандық мәслихаттың депутаты, Бескөл орта мектеп-гимназиясының директоры Нина Маслова 47 жыл тарихы бар мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін бюджеттен қаржы бөлу туралы өтінішпен келіпті. Мектеп директорын мұқият тыңдаған Самат Ескендіров осы мақсатта бюджеттен 30 миллион …

БӘРІ ДЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМІН ТАБАДЫ Read More »

“КӨШЕТ КЕЗІНДЕ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ”

Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс құбылыс емес, ол заманның бағыт-бағдарына, тыныс-тіршілігіне ілесіп отырады. Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана тілімен, ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Ал балабақшада әр бүлдіршіннің тілге, білімге деген жеке-дара бейімділігі мен қызығушылығы ескеріле отырып, ойлау және танымдық қабілеті қалыптасады. Сол себепті балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі толықтырады десек те болады. Алтын СЕЙІТОВА, …

“КӨШЕТ КЕЗІНДЕ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ” Read More »

ДУАЛЬДІК БІЛІМ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Зәуреш СӘДУАҚАСОВА, Петропавл машина жасау колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Соңғы жылдары кәсіптік білім беруде жаңа дуальдік оқыту әдісі кең тарап, өзінің тиімділігіне көз жеткізуде. Дуальдік оқыту дегеніміз – теориялық білімді практикамен үзіліссіз ұштастыру. Бұл үшін кәсіптік білім алатын оқушы кәсіпорында практикалық жұмысты сол сабақтың үстінде қоса атқарады. Соның арқасында ол біліктілігін тез және …

ДУАЛЬДІК БІЛІМ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТЕДІ Read More »

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Бикеш МҰХАМЕТЖАНОВА, қазақ тірек мектеп-интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Анар Жұмабекқызы – білім саласының маманы, Шал ақын ауданының Жаңажол ауданының тумасы. Еңбек жолын Жаңажол орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Содан бері талай шәкірт тәрбиеледі. Шыдамдылық пен біліктілікті, ақыл мен парасатты ұштастыруды талап ететін мамандық иесі ұжымында да сыйлы, жас мамандарға ақылшы …

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ Read More »

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН ТЕКСЕРУГЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге 2014 жылдың соңына дейін мораторий жарияланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.  “Жарлыққа сәйкес үстіміздегі жылғы 2 сәуірден 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен Үкіметке қазақстандықтардың бизнес жүргізуіне одан әрі қолайлы …

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН ТЕКСЕРУГЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАНДЫ Read More »

ИНГУШЕТИЯ БАСШЫСЫ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атына Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровтан Алғыс хат келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Өз хатында Ю.Евкуров ингуштердің сан ғасырлық тарихындағы қасіретті датаның бірі 1944 жылғы 23 ақпан екенін атап өткен. Бұл күні ингуш халқы бір сағат ішінде тарихи Отанынан айрылды, ал жаппай жер аудару мен қуғын-сүргін салдарынан жартысынан астамы қаза …

ИНГУШЕТИЯ БАСШЫСЫ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ Read More »

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚИДЫ

ҚР Президенті Н.Назарбаев 11 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды. Бұл туралы бүгін Мәскеу-Астана арасында өткен бейнекөпір барысында танымал ресейлік саяси сарапшы Алексей Власов мәлім етті. “11 наурызда, 20 жыл өткеннен кейін Қазақстан Президенті халықаралық конференция аясында Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында тағы да дәріс оқитын болады”, – деді ол.

“ЭКСПО – 2017” ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ ШТАБ ҚҰРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.   Отырыста Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалуы барысы, “ЭКСПО – 2017” көрмесіне дайындық және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жайы қаралды.

“НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫНА – 15 ЖЫЛ

Еліміздегі ең ірі саяси көшбасшы ұйымға айналған “Нұр Отан” партиясына биыл 15 жыл толып отыр. Осыған орай жетекші партияның өңірлік филиалында саяси ұйымның бірқатар ардагерлері мен белсенділері марапатталып, нұротандықтардың қатары жаңа мүшелермен толықты. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық филиалдың төрағасы, өңір басшысы Самат Ескендіров өзінің қалыптасу мен даму жолында талай сыннан өтіп, зор жетістіктерге жеткен …

“НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫНА – 15 ЖЫЛ Read More »