«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – МЕМЛЕКЕТТІК ІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Азамат ОРЫМБАЕВ,

Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың бастығы.

Жыл сайын 1 наурызда әлем жұртшылығы Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді. 1931 жылы Парижде “Женевалық аймақтар қауымдастығы” ұйымы құрылды, ол бастапқыда негізінен соғыс уақытындағы іс-қимылға бағдарланған азаматтық тұрғындарды қорғауды ұйымдастырумен айналысты. 1958 жылы қауымдастық Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) болып қайта құрылды.

Басында азаматтық қорғаныстың міндеті соғыс іс-қимылдары жағдайларында бейбіт тұрғындарды қорғау болды. Қазірде де азаматтық қорғаныс ұғымы негізінен соғыс кезінің әрекеті ретінде қабылданады. Бірақ, өкінішке қарай, бейбіт уақытта да техногендік апаттардың, табиғи өзгерістердің және халықаралық лаңкестіктің зардаптарынан болатын төтенше жағдайлар жиі кездеседі. Азаматтық қорғаныс қызметіне айтарлықтай ауыр міндет жүктеледі, ол осы оқиғалардың алдын алу және зардаптарын жою ғана емес, сондай-ақ тұрғындар арасында мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру жұмысын жүргізу болып табылады.

ХАҚҰ қызметінің басты бағыттарының бірі – төтенше жағдайлар кезеңіндегі азаматтық қорғаныс және басқару мәселелері бойынша тәжірибе мен білім тарату. Бұл ұйым сондай-ақ осы салаларда ұлттық кадрлар даярлайды, төтенше жағдайлардың алдын алу мен тұрғындарды қорғау жүйесін құру және жетілдіру жөнінде техникалық көмек көрсетеді.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайларда осызаманғы технологиялар мен гуманитарлық және апаттық-құтқару операцияларын жүргізу, сол сияқты зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету әдістерін енгізу жолымен Қазақстандағы сияқты, халықаралық деңгейде де азаматтық қорғаныс жүйесі жетілдірілуде. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі саналады, өйткені ол мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарының бірі болып табылады.

Осы күнді мерекелеу – азаматтық қорғаныстың барлық құрылымдары мен қызметтері үшін адам өмірін, меншікті және қоршаған ортаны құтқару мәселелерінде өз рөлін арттырудың тағы бір мүмкіндігі.

Бүгінде азаматтық қорғаныс тұрғындардың және экономиканың қиындықтан шығуын қамтамасыз етуге жұмылдырылған елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі элементтерінің бірі, мемлекеттің қорғаныс әлеуетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан тұрғындардың және аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі. Азаматтық қорғаныс өз жүйесін үзіліссіз жетілдіреді және өзгерген жағдайларға соған сай жауап береді. Азаматтық қорғаныстың ұйымдық негізін басқару органдары, эвакуациялық органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары және құзырына тұрғындарды, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау мәселелері енетін ұйымдар құрайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp