«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ САРАПШЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында СҚО бойынша Сот сараптамасы институтында қызмет ететін сарапшы қыз-келіншектер туралы сөз қозғағым келеді. Бүгінгі күні республикадағы сарапшы мекемелерде қызмет ететіндердің жетпіс пайызға жуығы – нәзік жандар. Солардың бірі – 3-сыныпты заңгер, СҚО бойынша Сот сараптамасы институты басшысының орынбасары Бақытгүл Жұманбаева.  

Дәурен ГАБДУЛМУЛИНОВ,

СҚО бойынша Сот сараптамасы институтының сарапшысы.

Сарапшы жұмысы оңай емес. Ұзақ уақытқа дейін көпшілік үшін бұл мамандық құпия болып келген. Қылмыстың заттай айғақтарын зерттейтін адамдарды жұртшылық алғаш рет “Следствие ведут знатоки” сериалынан соң тани бастады. Сарапшының мақсаты зерттеуге алған затты жан-жақты талдап, ол туралы сипаттама беру болып табылады. Бақытгүл Айтмұхамбетқызының сарапшылық мансабы 2000 жылдан бастау алады. Ол Семей, Астана, Алматы қалаларында қызмет етіп, сот-сараптама жүйесіне айтарлықтай үлес қосты. Енді, міне, нәзік жан бүгінгі күні өз қызметін облысымыздағы институтта жалғастырып келеді. Еліміздің сот-сараптама қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Бақытгүл Жұманбаева 2013 жылы үшінші дәрежелі “Заңгер” орденімен наградталды. Ол тек өз әріптестері арасында емес, сонымен қатар Сот сараптамасы институтына жүгінген адамдардың да құрметіне ие. Тәжірибелі маман толық жауапкершілікпен өз қарауына алған заттың тарихын жете түсінеді, істердің жағдайына терең үңіліп, проблемалар болса, оларды шешу жолдарын ұсынуда алдына жан салмайды. Ол фактілерді ғана емес, сонымен қатар істің құрылымдық жағын да жақсы ұғынады. Сарапшы өз жұмысында тамаша есту, мінсіз көру қабілетіне ие болуы керек, сонымен бірге жоғары зейінімен ерекшеленуі тиіс. Жедел және бәрін ұмытпайтындай есте сақтау қабілетімен де көзге түсуі қажет. Бақытгүл Айтмұхамбетқызы бұл қасиеттердің бәріне ие.

Сарапшы болуға үйрену мүмкін бе? Ол үшін алдымен өз мүдделеріңді нақты анықтап алу керек. Сіздің зейініңіз мәселенің теориясы мен тарихына ғана емес, сонымен қатар күнделікті тәжірибеге де бағытталуы тиіс. Бақытгүл Жұманбаева осы жайттардың бәріне көңіл бөледі, өз саласындағы жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысады. Әрине, жақсы сарапшы – өз ісінің шебері, ол әрдайым өсуге талпынуы керек: алдын ала заңмен белгіленген шектен шықпау үшін заңгерлік мәселелерге қызығушылық танытқан жөн. Бақытгүл Айтмұхамбетқызының пікірінше, сарапшы кәсіби табысқа қол жеткізуі үшін оған алдымен математикалық ой жүйесі мен тамаша логика қажет. “Бұған қоса сот сарапшысы өз әрекетінде жүйелі, талапкер және зейінді болуы тиіс. Сапалы орындалған жұмыстан ұйым беделі мен қызметкердің мәртебесі арта түспек. Сол себепті сарапшының жауапты, өз-өзін  сынайтын, адал ниетті болуы өте маңызды”, – дейді Бақытгүл Жұманбаева. “Қызметіңіз Сізге несімен ұнайды?” деген сауылымызға тәжірибелі маман: “Сарапшы жұмысы шығармашылықты талап етеді, күнде жаңа міндеттер қойылып, оларды шешу, әдістеме әзірлеу сынды талаптарды орындауымыз керек. Маған жұмысым осы қырынан ұнайды”, – деп жауап қатты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp