«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚША ҮЙРЕНГЕНДЕР ҚАТАРЫ әлі көңіл көншітпейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың алқа жиыны болып, онда екі мәселе әңгіме арқауына айналды.

Біріншісі – тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Солтүстік Қазақстан облысында іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының өткен жылы орындалуы және 2014 жылғы міндеттер туралы.

Бұл жөнінде басқарма бөлімдерінің 2013 жылы атқарған жұмыстары тыңдалып, қорытындыланды. Олар бойынша бөлім басшылары Нұрлан Жамантаев, Әсем Сүлейменова, Ернияз Сұлтанов және Мемлекеттік тілді оқыту орталығының басшысы Жанат Мұхамеджанов есеп берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Петропавл қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Тайынша және Тимирязев аудандық бөлімшелерінің есептері тыңдалды.

Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 жылғы “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігі туралы тапсырма бергені белгілі. Н. Жамантаев өз сөзінде осыған орай облыс аумағындағы тұрғындар санына байланысты мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесін мысалға алды. Жылдар бойынша өсім бары, алайда аса көңіл көншірлік еместігі тілге тиек етілді.

ҚР “Тіл туралы” Заңының талаптарына сәйкес мекемелерде, ұйымдарда мемлекеттік тілде құжат әзірлеуге тиісті мамандар бұл істі аудармашылардың иығына ғана артып қоятынын Әсел Сүлейменова ашық айтты. Сондай-ақ облыс аудандарының білім беру мекемелерінде сол мектептердің атауларының дұрыс аударылып, жазылуындағы олқылықтарды атап көрсетті.

Ал Жанат Мұхамеджанов өңір аудандарының кейбір мекемелерінде мемлекеттік тілді оған үш қайнаса сорпасы қосылмайтын басқа мамандардың оқытып жүргенін мысалдармен айғақтап берді.

Отырысты Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Кемел Оспанов жүргізіп отырды.

 (Өз тілшімізден). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp