«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫНА – 15 ЖЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздегі ең ірі саяси көшбасшы ұйымға айналған “Нұр Отан” партиясына биыл 15 жыл толып отыр. Осыған орай жетекші партияның өңірлік филиалында саяси ұйымның бірқатар ардагерлері мен белсенділері марапатталып, нұротандықтардың қатары жаңа мүшелермен толықты.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық филиалдың төрағасы, өңір басшысы Самат Ескендіров өзінің қалыптасу мен даму жолында талай сыннан өтіп, зор жетістіктерге жеткен партия 15 жылдың ішінде жалпыұлттық сенімге ие болғанын айта келе:  

– Партия құрылған уақыттан бері мемлекеттің, азаматтардың мүддесі үшін және ел бірлігін нығайту мақсатында жұмыс істейтінін нақты істермен дәлелдеді. Бүгінде партияның жаңа Саяси доктринасы Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан және уақыт сынынан өткен басты құндылықтарды нығайтуға бағытталып отыр, – деді.

Партияның өңірдегі тарихына елеулі үлес қосқан саяси ұйым ардагері Григорий Кухарь көшбасшы партияның тарихы Қазақстанның Тәуелсіздігінің ажырамас бөлігі екенін айтып, бүгінгі күні де “Нұр Отан” Елбасының басты тірегі болып отырғанын тілге тиек етті.

“Жас Отан” жастар қанатының белсендісі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті Аяжан Қабиева мен кәсіпкер Жасұлан Ахметов те сөз алып, партия Доктринасындағы құндылықтар мен оны жүзеге асыруға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Жиында Самат Ескендіров 7 адамға жаңа үлгідегі партия билеттерін табыстап, оларды өмірлеріндегі маңызды әрі жауапты қадаммен құттықтады.

Салтанатты шара соңында “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан жетекші ұйымның ардагерлері мен белсенділеріне партияның мерейтойлық марапаты – төсбелгілер, Құрмет грамоталары мен Алғыстар табыс етілді.

  Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp