ҚР Президенті Н.Назарбаев 11 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды.
Бұл туралы бүгін Мәскеу-Астана арасында өткен бейнекөпір барысында танымал ресейлік саяси сарапшы Алексей Власов мәлім етті. “11 наурызда, 20 жыл өткеннен кейін Қазақстан Президенті халықаралық конференция аясында Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында тағы да дәріс оқитын болады”, – деді ол.