«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНА мен БАЛАҒА ЗОР ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАЖЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әйел – отбасының ұйытқысы, мемлекеттің тірегі. Осы тақырып төңірегінде Петропавлдағы“Алтын адам” қонақүй кешенінде Қазақстан коммунистік халықтық партиясының СҚО бойынша филиалы қоғамдық пікірталас өткізді. Оған партия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және көпбалалы аналар қатысты.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

– Іс-шараның мақсаты – мемлекет тарапынан әйелге қамқорлық мәселесін көтеру. 1 жасқа дейінгі отбасындағы бірінші балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 10 186 теңгені құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 966 теңге болса, ананың бала күтіміне алатын жәрдемақысы тым төмен. Елімізде күнкөріс деңгейі ересек адамның күнделікті тұтынатын азық-түлігімен сараланады. Ал нәрестенің күнкөріс деңгейі неге жоқ? Кездесуде осы сынды ана мен бала күтіміне қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныстарымызды партияның орталық комитетіне жолдаймыз, – деді Қазақстан коммунистік халықтық партиясының СҚО бойынша филиалының бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов.

 Ел бойынша өткізіліп жатқан аталмыш қоғамдық талқылау барысында қарар қабылданып, оған төмендегідей ұсыныстар енгізілді: отбасы тұңғышына берілетін біржолғы жәрдемақыны екі есеге көбейту, ҚР Әкімшілік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Атап айтқанда, екіқабат әйелді жұмыстан шығаруға еріксіз көндірген жағдайда айыппұл салу және қызметінен төмендету сынды жазалау шарасын қолдану жөнінде жаңа бап енгізу, бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақыны 3 жасқа дейін ұлғайту.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp