Уәлиханов ауданының орталығындағы “Мөлдір су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 12 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, ақпан айының соңында пәтер иелерін қуанышқа бөледі. Аудан әкімі Аман Төрегелдин аталмыш салтанатты шарада төрт бөлмелі пәтердің кілтін “Мөлдір су” кәсіпорнының қызметкері Арман Жароваға табыс етті.
Арман Жарова – бес бала тәрбиелеп, өсіріп отырған жалғызбасты ана. Арманның үлкен қызы – Қарағанды медициналық университетінің үшінші курс студенті, үлкен ұлы – ауыл шаруашылығы колледжінің студенті, үшеуі мектепте оқиды. “Мөлдір су” кәсіпорны сантехниканы орнату бойынша шығындарды өз мойынына алып, бұл отбасыға газ плита мен асүй жиһазын сыйға тартты. Аудан басшысы да бұл қоныстой иесіне “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы атынан тоңазытқыш сыйлады.
Уәлиханов ауданының Ішкі саясат бөлімі.