«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛАН ЫДЫРЫСОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сейсенбі күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Әңгіме барысында елдің алдағы кезеңдегі сыртқы саяси басымдықтары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

“Украинадағы жағдай елдердің ТМД аясындағы өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді және Кеден одағы мемлекеттеріне жанама қатысы бар. Мен ең таяу уақытта байсалды пікір алмасып, қазіргі жағдайдағы қауіпті үрдістердің белең алуына жол бермеу жөніндегі шараларды талқылайтын кездесу өткізу туралы ұсыныс енгіздім”, – деді Қазақстан Президенті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp