Қазақстанда 2014 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік қызметке үміткерлерді тестілеуге қатыстыру шарты жеңілдетілді. Енді ықылас танытқандардың барлығы үйден шықпай-ақ тестілеуге қатыса алады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, ол үшін “Электронды үкімет” веб-порталына кіріп, “Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту” бөліміндегі “Тестілеуге жазылу” қызметін таңдау қажет.
Егер Сізде Интернет болмаса, онда жақын маңдағы ХҚКО-ға немесе Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің аумақтық департаментіне барып, тестілеуге жазылу керек. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып жүрсеңіз болғаны.
Әрбір үміткер тіркелу кезінде тестілеудің орнын, уақыты мен күнін өз еркімен таңдай алады.
Жаңа заңнамаға сәйкес азаматтар өздеріне ыңғайлы уақытта бос орынға конкурс өтетіні туралы хабарландыруды тоспай-ақ, тестілеуден өтуге құқы бар. Бұл тестілеуге қатысушылар қатарын екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. Егер 2011 жылы айына орташа есеппен алғанда тестілеуге 1950 адам қатысса, олардың саны 2012 жылы – 2300, 2013 жылы 4700-ге жетті.
Аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдар үшін жекелей жеңілдетілген бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаға сәйкес енді үміткерлер тестілеуді бұрынғы сегіз заңның орнына енді алты заң бойынша тапсыратын болады. Бұған қоса әр заң бойынша жауапқа берілетін уақыт көлемі ұлғайды.
Жоғарыда тұрған бағдарламалар бойынша тестілеудің оң нәтижесін төменгі тұрған бағдарламалардан да байқауға болады. Бірінші бағдарламаның сертификаты үшінші және төртінші бағдарламалар бойынша сертификат талап ететін конкурстарға да жарамды. Екінші бағдарламаның сертификаты үшінші бағдарламаны “жеп қояды”.
Тестілеу қатысушыларының жауапкершілігі де артып отыр.
Егер үміткер тестілеу кезінде нашар көрсеткіштерге ие болса, онда ол үш ай уақыт өткен соң ғана келесі тестілеуге қатыса алады.
Қызметшілерді басқару қызметінің тестілеу нәтижелерінің шынайылығын тексеру мүмкіндігі кеңейтілді. Агенттіктің ресми сайты арқылы конкурстық іріктеуге жауапты мемлекеттік органдар бөлімшелерінің көмегімен нақты бір үміткердің тестілеуді өткен-өтпегенін, өтсе, қандай нәтижеге ие болғанын тексере алады. Ақпараттық қауіпсіздіктің жүйелі шаралары тестілеу ресімдеріне рұқсат етілмеген жағдайда қол жеткізуді болдырмау үшін жасалуда. Нәтижесінде егер тестілеуді ойдағыдай тапсырғандар үлесі 2011 жылы 71 пайызды құраса, 2012 жылы – 69%, 2013 жылы – 47%-ға тең.
Үстіміздегі жылдың 1 наурызына дейін берілген сертификаттар оларда көрсетілген мерзімге дейін жарамды екенін атап өту керек. Ал 1 наурызға дейін төмен көрсеткіштер алған тұлғалардың үш айлық мерзімнің өтуін күтпей-ақ келесі тестілеуге қатыса берулеріне болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаменті.