«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“УЛЫБКА” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ жаңа кеңсесі ашылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрылғанына бір жылдай ғана болған “Улыбка” қайырымдылық қоры мереке қарсаңында аналарға үлкен сыйлық жасады. Осындай аз уақыт ішінде көмекке зәру болған бірнеше ана мен балаға көмектескен аталмыш қор жаңа кеңсе ашып, қанатын кеңінен жайды. Сондай-ақ “Фея” білім беру, сауықтыру және ойын-сауық орталығы іске қосылды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Салтанатты жиынға қалалық Білім бөлімінің, “Даму” қорының өкілдері, көпбалалы, мүгедек баласы бар аналар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері және қайырымдылық іске үнемі қолғабыс көрсетіп, қолдап жүретін азаматтар қатысты.  

Жаңадан ашылған кеңседе балалар үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, қайырымды іс-шарадан демеушілер де сырт қалмаған. Олардың бірі техникалық заттар сыйласа, екіншісі кембағал балаларға қажетті деген түрлі нәрселерді тарту етті.

– Бұған дейін жалға алған бір бөлмеміз бізге тарлық еткен. Енді, міне, бүгін жаңа кеңсе ашылды. Мұнда бірнеше бөлме бар. Осыған байланысты біз де өз жұмысымыздың ауқымын кеңейттік. Кішкентай баласы бар аналардың көбі кейбір кездерде шұғыл шаруалары болса үйден шыға алмай, қиналып қалады. Енді, бұл мәселенің шешімі табылған сияқты. Яғни, олар баласын біздің кеңседе жұмыс істейтін ойын бөлмесіне әкеле алады. Онда кішкентай балалармен тәрбиешілер жұмыс істейді. Сондай-ақ орталықта психолог, логопед және басқа да мамандар жұмысқа жұмылдырылуда. Балаларды кем дегенде төрт сағатқа тәрбиеші қарауына қалдыруға болады. Сағатына 200 теңге төлейді. Айта кету керек, мүгедек балалар үшін көрсетілген баға елу пайызға төмендетілген. Бұл тізімде сондай-ақ көпбалалы, аз қамтылған отбасылар да бар, – дейді аталмыш қордың төрайымы Галина Бондаренко.  

Қайырымдылық қоры бұған дейін әр айдың соңғы бейсенбі күні балаларға киім-кешек, ойыншық сияқты керек заттар үлестіретін болса, енді бұл игі шара күн сайын жүргізіліп отырады. “Фея” орталығында алты айдан асқан балалардың барлығына есік ашық. Мұнда тәжіри-белі мамандар әр жастағы балаларды өнерге, еңбекке баулу үшін түрлі бағыт бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

Суретті түсірген

  Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp