«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ – тіл үйрету құралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда ұстаздарды ауқымды жұмыс күтіп тұр. Оқушыны заман талабына сай оқыту, сапалы білім беру, жаңғырту деңгейіне жеткізу – ұстаздың міндеті. Балаға білімді игерту, олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мәселесі – оқыту барысындағы басты мақсатым. Біздің мектепте қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәндеріне арналған мультимедиалық кабинет жабдықталған. Әр пәннің арнайы электрондық оқулығы бар. Тіл үйретуде ақпараттық-коммуникативтік технология құралдарының беретін көмегі мол. Электрондық оқулықтар әр оқушыға жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар ағылшын тілінде мәнерлеп оқуға зор ықпалын тигізеді. Әр мәтіннің соңында тілді меңгеруге арналған түрлі жаттығулар, тапсырмалар беріледі.

Интерактивті тақта арқылы оқушы берілген тапсырманы көзімен көріп, тақтаның тетіктерінің арқасында әр сөздің айтылуына, жазылуына мән береді. Сонымен қатар өзінің білім деңгейін де бақылай алады. Мұндай әдіс, әсіресе, ағылшын тілі пәні сабағында өте пайдалы, өйткені басқа тілге қарағанда ағылшын тілінде әр сөздің айтылуы және жазылуында үлкен ерекшеліктер бар. Оқушылар интерактивтік тақтада берілген арнайы тапсырмаларды орындау арқылы тілдің грамматикалық, фонетикалық, лексикалық салаларын жетік меңгереді.  

Интернет желісінің байланысы оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ізденімпаздықтарын арттырады. Интернет арқылы оқушылар қашықтық олимпиадаларына қатысып, өз бақтарын, білімдерін сынайды. Мәселен, 8-сынып оқушысы Айнұр Ермекбайқызы “ЕШКО” бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқып, ағылшын тілінен сырттай дәріс алып жүр.

Мектеп түлектерінің білім деңгейі жақсы. Білім ошағынан 2 жыл қатарынан “Алтын белгі” иегерлері қанат қақты. Олар: апалы-сіңлілі – Айзада мен Гүлзада Әленовалар. Облыстық, республикалық жарыстарда шәкірттеріміз жоғары орындардан көрініп жатады. Мәселен, 2013 жылғы республикалық Мағжан оқуының бас жүлде иегері Гүлбақыт Кенжеболатова, Абай оқуының облыстық кезеңінің қатысушысы Назерке Сәлімбекова, “KATEV” олимпиадасының облыстық кезеңінің III орын иегері Айнұр Ермекбайқызы, ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінің III орын жүлдегері – Сая Кенжеболатова сынды оқушыларымыз бар. Шәкірттердің жеңісі – ұстаздардың еңбегінің нәтижесі. Оқушы мен ұстаз арасындағы ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді. Ұстаз еңбегі шәкіртінің жетістігімен еленеді.

Алмагүл КӨКЕНЕСОВА,

 Бірлестік орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp