«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛЫНДА ОНЫҢ – “АЛТЫН КІЛТ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы “Парасат” мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Гүлсара Темірғалиева “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның” СҚО ПҚ БАИ” филиалы математика пәні мұғалімдерінің арасында өткізген облыстық “Алтын кілт” байқауында жеңімпаз атанды.

Гүлсара Серғазықызы 1987 жылы К.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын тамамдаған. 26 жыл бойы оқушыларын сандардың құпиясына терең бойлатып жүрген жоғары санатты ұстаз. Ол “Математика сабақтарында оқытудың жаңа тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың таным белсенділігін, логикалық ойлау қабілетін және өзіндік ізденістерін дамыту” әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейді.

Байқауда мұғалімнің кәсіптік шеберлігі және жеке қасиеті, жұмыс жүйесі, оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық технологияларды шығармашыл түрде қолдануы, коммуникативті сапасы, сөйлеу мәдениеті, шешендік шеберлігі, сендіре білу қабілеті де сыналған.  

Гүлсара Темірғалиеваның басқа да жетістіктері бар. Ол 2010 жылы ҚР математика пәні мұғалімдерінің І съезінің делегаты болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінен Алғыс хат алған. 2012 жылы аудандық “Алтын кілт” сайысында 1-орынды иеленген. 2013 жылы “Геометриядан деңгейлік тапсырмалар” әдістемелік құралын әзірлеген. “Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу” тақырыбы бойынша әзірлеген сабақ жоспары республикалық педагогикалық, ғылыми-әдістемелік “Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім” журналында жарық көрген.

2013 жылы Алматы қаласындағы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының екінші (негізгі) деңгейін өтіп, сертификатқа ие болған.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp