«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.03.2014

ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

Мәскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенко, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты. Кездесу барысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістердің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ ЖЕЭК-тің бұрынғы отырыстарында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың негізгі мәселелері …

ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ Read More »

Мерекелік құттықтаулар

Қымбатты әйелдер! Ғажап та тамаша мереке – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Бұл көптен күткен көктем мерекесі – сұлулық пен сүйкімділіктің мерекесі, бұл Сіздердің мерекелеріңіз, аяулы әйелдер! Ең жақсы және ең ізгі атаулыны: нәзіктікті, туған үйдің жанға жылылығын, сұлулық пен адалдықты нақ Сіздермен байланыстырамыз. Сіздер қуанғанымызда қанат бітіргендей боласыздар, қиналғанда қолдайсыздар, адамгершіліктен айнымауға үйретесіздер. “Әйелдер …

Мерекелік құттықтаулар Read More »

АНАЛАРҒА – ТАҒЗЫМ, АРУЛАРҒА – ҚҰРМЕТ

Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Онда өңір басшысы Самат Ескендіров солтүстікқазақстандық әйелдер қауымын күншуақты мерекемен құттықтап, бір топ ардақты анаға “Алтын алқа” мен “Күміс алқа”, еңбек озаттарына облыс әкімінің Құмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. – “Әйел …

АНАЛАРҒА – ТАҒЗЫМ, АРУЛАРҒА – ҚҰРМЕТ Read More »

ӨҢІР БАСШЫСЫ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров Ұлы Отан соғысының ардагері Миннигүл Кряжевскихтің үйінде болып, қарияны мерекемен құттықтады. Қанат АТАМАНОВ,   “Солтүстік Қазақстан”. Өңір басшысымен әңгіме барысында әлі күнге дейін өзін сергек сезініп, саяжайындағы 5 сотық жеріне әртүрлі көкөніс егуді жалғастырып жүргенін жеткізген Миннигүл әже облыс әкімінің былтыр саяжайын қалпына келтіруге жасаған жақсылығына алғысын білдірді. Кейуананың үйіне …

ӨҢІР БАСШЫСЫ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

ӨҢІРЛІК ДАМУ МИНИСТРІ облыс орталығын өркендету барысымен танысты

Сәрсенбі күні Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев пен облыс әкімі Самат Ескендіров облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының орындалу барысымен, “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС-де құрылыс индустриясымен, №2 жылу-электр орталығы мен ТКШ-ны жаңғырту жобаларының қалай жүзеге асырылып жатқандығымен танысты.  Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Болат …

ӨҢІРЛІК ДАМУ МИНИСТРІ облыс орталығын өркендету барысымен танысты Read More »

НАЗГҮЛ – ЕКІ МӘРТЕ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Солтүстікқазақстандық Назгүл Маратова Тараз және Ақтау қалаларында дзюдо және самбодан өткен Қазақстан біріншіліктерінен алтыннан алқа тағынып қайтты. Бәсі биік додаларда 78 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі қарсыластарынан басым түскен Назгүл ойдағыдай өнер көрсетіп, жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Тартысты сайыстарда өңір намысын қолдан бермеген ару – облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі. (Өз тілшімізден).

ПОЛИЦЕЙ АРУЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Полицияда қызмет ететін қыз-келіншектер арасында көпсайыстан жарыс болып өтті. Олар өзара мықтыны анықтауда дәлдік, шапшаңдық, күш пен төзімділік танытты.    Жарысқа төрт команда қатысты. ІІД, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен Петропавл қаласы ІІБ қыздары жеңісті оңай бермеуге барынша атсалысты. Көпсайыс екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде спортшы қыздар Макаров пистолетінен оқ атты. Әр қатысушы 13 патронға ие …

ПОЛИЦЕЙ АРУЛАР СЫНҒА ТҮСТІ Read More »

ОБЪЕКТИВТЕ – ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ

 Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай “Наурыз” атты фотокөрме болып өтті.  Көрменің авторы – Станислав Кузьмин. Жерлес фотограф суретке түсіруді бала кезінен армандаған екен. Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік киноөнер университетінде және өзге жеке студияларда білім алған. Компьютерлік графика, фото және бейне түсірудің маманы ретінде Дубаи, Санкт-Петербург қалаларында жұмыс істеген. Фотосурет өнерінің қыр-сырын жетік …

ОБЪЕКТИВТЕ – ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ Read More »

ОБЛЫСТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ мүгедектермен кездесті

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мұрындық болуымен өңірлік мүгедектер ұйымдары өкілдерімен кездесу болып өтті. Оған емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері, партия өкілдері, облыс және қала әкімдерінің мүгедектермен жұмыс жөніндегі кеңесшілері қатысты. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Кездесуге асыққандардың бірі – қала тұрғыны, зейнеткер Наталья Низова. Ол 3 жастағы Даша есімді немересінің өмірін аман …

ОБЛЫСТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ мүгедектермен кездесті Read More »

АЙДАНА – “УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ АРУЫ – 2014”

Сәкен сері атындағы аудандық Мәдениет үйінде “Уәлиханов ауданының аруы – 2014” байқауы өтті. Оған 21-29 жас аралығындағы 11 ару қатысты. Байқаудың шарты бойынша нәзік жандар бес сынақ бойынша өз өнерлерін көрсетті. Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атарушы Т. Сағитов бастаған қазылар алқасы әр турдың қорытындысын шығара отырып, шара соңында жеңімпаздарды анықтады.Байқаудың бас жүлдесін Кішкенекөл №1 …

АЙДАНА – “УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ АРУЫ – 2014” Read More »

БИЛІК ЖАРАСҚАН НӘЗІК ЖАНДАР

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Арман қанат бітірген” тақырыбында фотокөрме ашылды. “СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп, бұл шараны өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдерді ұлықтау мақсатында ұйымдастырды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Көрмеде билік тізгінін ерлермен қатар ұстай білген қыз-келіншектердің 40-қа жуық суреті қойылды. Өңірімізде отбасылық өмірімен қатар қызметті тең ұстап …

БИЛІК ЖАРАСҚАН НӘЗІК ЖАНДАР Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР САХНАСЫНДА – ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның жеке концерті болып өтті. Әншімен бірге сахнада дирижер Сергей Имашбаевтың жетекшілігіндегі облыстық филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрі мен сазгер Еркін Ынтықпаев та өнер көрсетті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. 40 жылдан бері қазақ сахнасының сәніне айналған Роза Қуанышқызы сол баяғыша сұлу, ақжарқын қалпында. Ол бұл концертін …

ҚЫЗЫЛЖАР САХНАСЫНДА – ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ Read More »

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

Өңірімізге жұмыс сапары барысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев жерді тиімді пайдалану және жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша министрліктің селекторлық режімдегі көшпелі кеңесін өткізді. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеңеске қатысқан Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының …

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ Read More »

ӘКІМ ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Самат Ескендіров облысымыздың бірқатар кәсіпкер әйелдерімен Петропавлдағы “Астана” мейрамханасында кездесу өткізіп, дастарқан басында емен-жарқын әңгіме өрбітті.  Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімімен болған мерекелік кездесуге Аққайың, Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, М. Жұмабаев аудандары және Тайынша қаласынан өз кәсібін дөңгелетіп отырған ажары ақылына сай асыл жандар келді. – Біздің облыстағы жеке кәсіпкерлердің 80 пайызын …

ӘКІМ ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

АНАЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕЙІК

Кенжетай қажы ДҮЙСЕНБАЙ, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Ислам діні осыдан сан ғасырлар бұрын әйелге ешкім бермеген құқық берді. Ол кезеңде қай қоғамда да болсын әйелдің құқығы шектеулі еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шарифінде: “Әйелдеріңді ренжітпеңдер. Ол Алла тағаланың сендерге аманаты”, – деп әйелдің діндегі алатын орны қандай мәртебелі екенін айтқан. …

АНАЛАРДЫ ҚҰРМЕТТЕЙІК Read More »

ӘЙЕЛДЕР, ӘДЕМІЛЕР, ӘСЕМДЕР-АЙ!

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Әйелдер, әйбаттар-ай, Айға лайық,Сендермен қауышайық, аймалайық.Нұр құйып, шуақ төгіп бойларыңаХош келген наурыз-айдан айналайық!Көктемдей күлім қаққан сәттеріңдеҚалмай ма бой да сергіп, жан да байып.

“АНА” ДЕГЕН – АСЫЛ СӨЗ

Анатолий БАШМАКОВ, сенатор, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. Әр адам құндылықтарды өзінше бағалайды. Бүгінде осы құндылықтар елеулі сынақтарға тап болып, тіпті, жаңаша пайымдалып жүр. Осындайда нені өткен күнге қалдырып, нені өзімен бірге болашаққа ала баруды әркім өзі шешуі керек. Отбасы осындай мәңгілік құндылықтардың бірі болып табылады. Әрине, шаңырақ …

“АНА” ДЕГЕН – АСЫЛ СӨЗ Read More »

ҚЫРАҒЫЛЫҚ – ҚЫЗМЕТ ТАЛАБЫ

Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында туып-өскен Күлмира Жармұқанова өмірін әскери жолмен ұштастыруды бала кезінен армандаған екен. Қайсар мінезді қазақ қызы алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін аянбай еңбек еткен. Нәтижесінде арманына қол жеткізіп, погон таққан арулардың қатарынан орын алған. Ажары ақылына сай аяулы жан бүгінгі таңда Қызылжар аудандық Ішкі істер бөлімінде анықтаушы болып қызмет етеді. Алма …

ҚЫРАҒЫЛЫҚ – ҚЫЗМЕТ ТАЛАБЫ Read More »

КИНОЛОГ ҚЫЗ

Наталья Калиниченко облыстық Ішкі істер департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төрт жылдан бері қызмет етіп келеді. Наталья – ұжымдағы жалғыз қыз. Ол өз жауапкершілігіне алған иттерді қажет кезінде есірткі іздеп табуға үйретеді.  Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. – Міне, соңғы төрт жыл бойы осы орталықта жұмыс істеп келемін. Юта есімді үш жастағы төрт аяқты досым бар. …

КИНОЛОГ ҚЫЗ Read More »

ҚЫЗДАРЫМЕН СЫРЛАСҚАН, ҰЛДАРЫМЕН МҰҢДАСҚАН…

Түрлі тағдырларды табыстырып, жатты жақын қылған облыс орталығындағы отбасылық үлгідегі Балалар ауылында 33 бала тәрбиеленуде. Жел өтінде қалған бұл балапандардың бүгінде паналары бар, тумаса да туғанындай жаны ашып, жақсы көретін аналары бар. 4 үйде тұрып жатқан мейірімге мұқтаж, жылы сөзге зәру жетімдерге ана болған аяулы жандардың бүгінгі еңбегін асыра бағалау мүмкін емес шығар, әсте. Аналармен …

ҚЫЗДАРЫМЕН СЫРЛАСҚАН, ҰЛДАРЫМЕН МҰҢДАСҚАН… Read More »