«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтаулар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қымбатты әйелдер!

Ғажап та тамаша мереке – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Бұл көптен күткен көктем мерекесі – сұлулық пен сүйкімділіктің мерекесі, бұл Сіздердің мерекелеріңіз, аяулы әйелдер! Ең жақсы және ең ізгі атаулыны: нәзіктікті, туған үйдің жанға жылылығын, сұлулық пен адалдықты нақ Сіздермен байланыстырамыз. Сіздер қуанғанымызда қанат бітіргендей боласыздар, қиналғанда қолдайсыздар, адамгершіліктен айнымауға үйретесіздер.

“Әйелдер – отбасының тірегі, яғни мемлекеттің тірегі”, – деп атап көрсеткен болатын Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында.

Және де бұл тектен-тек емес, өйткені Сіздер өздеріңізге тән қамқорлықпен және жанашырлықпен, көрегендікпен және көнбістікпен тіршілікті нұрландыра және ізгілендіре түсесіздер. Сіздер шаңырақ отын сөндірмей және бала тәрбиелеп қана қоймай, сонымен бірге өздеріңіздің кәсіби қызметтеріңіздің сан алуан саласында жетістіктерге жетіп жүрсіздер.

Шеберлікте, жауапкершілікте және мақсаткерлікте ер адамдардан қалыспай, халық шаруашылығының сан алуан саласында ойдағыдай еңбек етіп, облысымыздың және бүкіл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келесіздер.

Уақыт көрсетіп отырғанындай, адамзаттың биязы да сүйікті, нәзік те сұлу жартысының өкілдері, сонымен бірге, күшті де айнымас бола алады.

Бүгінгі таңда олар – нәзік жаралған жандар ғана емес, табысқа жеткен кәсіпкерлер, кәсібилігі жоғары дәрігерлер мен мұғалімдер, құқық қорғау органдарының ержүрек қызметкерлері.

Әйелдер әрқашан елдегі тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің негізі бола білді.

Сіздер экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге белсене қатысу арқылы Қазақстанның болашаққа ойдағыдай қадам басуына сенімді негіз қалап келесіздер.

Халықаралық әйелдер күні дәстүрлі түрде Сіздерге білдіретін ілтипат, сүйіспеншілік пен сыйластық лебізі біздердің, ер-азаматтардың аузынан анағұрлым жиірек шығуға тиіс. Осы бір көктемгі мерекеде Сіздерге арналған ықыласымыз бен қамқорлығымыз жай күндері де жалғасын таба бергей!

Өмірлеріңізде нұрлы күндер неғұрлым көп болуын тілеймін! Әрдайым тек қана қымбатты, жақын, сүйікті адамдарыңыз қастарыңыздан табылып, балаларыңыз – өздерінің жетістігімен, ал ер-азаматтар ілтипатымен қуанышқа бөлей берсін!

Мықты денсаулық, телегей-теңіз гүлдер мен шаттық, амандық-саулық, көктемгі көңіл-күй, жақсылық пен сүйіспеншілік тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан

облысының әкімі.

 

 

Ардақты аналар!

Қымбатты ханымдар! Аяулы арулар!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның атынан баршаңызды көктеммен бірге келетін шуақты мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздер тарихта өткен ұлы аналарымыздың арманын орындап, бойдағы білім, өнер, қабілеттеріңізбен дербес елдің дара тұлғаларына айналдыңыздар.

Бүгінде Сіздер – нәзік жанды, кең мінезді, кемел ойлы әйелдер қауымы қоғамның өрге басуы үшін  ер-азаматтармен бірге, иық түйістіре еңбек ете жүріп, ұрпақ өсіріп отырсыздар. Олар Қазақстанның 30 озық елдің қатарында болуы үшін аянбай еңбек ететініне сеніміміз мол.

Отбасын мейірімге бөлеп, өмірді нұрландырып жүрген аяулы жандар, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ та қуанышты ғұмыр, жетістіктер мен табыстар тілеймін! Еліміздің болашағы жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын!

М. БЕКБОСЫНОВА,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp