Жамал АХМЕТОВА,
кәсіподақтары облыстық кеңесінің төрайымы, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.
Бүгіндері кәсіподақтар әлеуметтік мемлекет құруға белсене атсалысуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 19 ақпанында біздің Федерацияның төрағасымен кездесуде өңірлердегі кәсіподақтардың белсенді жұмысының және олардың әлеуметтік әріптестік аясында барлық мүдделі жақтармен өзара байланысының, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік үнқатысудың маңызын атап көрсетті.
Осы орайда кәсіподақтары облыстық ұйымының 60 пайызын әйелдер құрап отырғанын атап айту керек. Олардың бәрі де Елбасының Жолдауында баяндалған бағыттарды бірауыздан құптайды. Жолдаудағы тұрғындардың әлеуметтік игіліктеріне қатысты тапсырмаларды жүзеге асыру барлық деңгейлердегі кәсіподақтардың ең бірінші міндеті болып табылады.
Бүгіндері әйелдер салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына басшылық етуде. Олар экономиканың жаңғыру жағдайындағы еңбек ұжымдарын басқаруда өндірістегі гендерлік тетіктерді дамытуға үлес қосады. Көп ретте олардың табандылығының, белсенді де жауапты өмірлік ұстанымдарының, адамдарды қорғай білуінің, әлеуметтік әріптестік аясында маңызды әлеуметтік шешімдер қабылдауының арқасында еңбек қарым-қатынастарының, гендерлік теңдіктің, отбасы мен некенің жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, байланыс, білім, денсаулық сақтау сияқты салалардың кәсіпорындары мен мекемелерінің жұмысы ұжымдық шарттардың тиімділігін дәлелдейді. Осы ретте кәсіподақ қозғалысындағы әйелдердің көшбасшылығының үлкен маңызы бар. Мемлекет жұмыс істейтін әйелдердің ана міндетін атқаруына, балаларды тәрбиелеуіне жағдай туғызу үшін еңбек қатынастарын реттеу барысында оларға қосымша жеңілдіктер жасап, кепілдеме береді. Мәселен, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “ПАМЖ зауыты” акционерлік қоғамдарында ұжымдық шарттар бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде бір жылда 30 күн бойында орташа еңбекақы сақталады. Денсаулығын сауықтыруға жәрдемақы төлеу қарастырылады. Мысалы, “Мұнаймаш” АҚ еңбеккерлерінің әлеуметтік пакетінің көлемі 112 мың теңгеден асады. Жұмыс берушінің есебінен кәсіпорынның асханасында ыстық ас төмен бағамен беріледі. Ұжым еңбеккерлерінің денсаулығын жақсартуға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді.
Біліктілігі жоғары жас мамандарды тарту мақсатымен “Киров атындағы зауыт” АҚ ұжымдық шарт бойынша оқу орындарын қызыл дипломмен тамамдаған, сондай-ақ шет тілдеріне жетік, ғылыми атақтары бар жастарға 5-тен 40 пайызға дейін қосымша ақы төлейді. Кәсіпорын еңбеккерлердің өндірістік міндеттерін ойдағыдай шешумен қатар, жас мамандардың тұрғын үй жағдайларын жасайды. Бүгінде жатақханада оларға 60 қолайлы бөлме берілген. Медицина қосыны бар, жүзу бассейніне баратындарға абонементтердің бағасы 50 пайызға төмендетілген.
Пошта байланысы қызметкерлеріне бала тууына орай 20 АЕК мөлшерінде бірмерзімдік жәрдемақы беріледі.
“Қазақтелеком” АҚ-да баланы күту кезінде сәби біржарым жасқа жеткенше әйелдер 3 АЕК мөлшерінде ай сайынғы төлемдер алып отырады. Еңбеккерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы кезінде 1,5 лауазымдық еңбекақы мөлшерінде, ал үзіліссіз жұмыс өтілі 15 жылдан асса, 2 лауазымдық еңбекақы мөлшерінде материалдық көмек беріледі. Кәсіпорында денсаулық қосыны жұмыс істейді, эндокринолог, маммолог сияқты сирек медицина мамандары бақылау жасайды, дәрумендер беріледі, тұмауға қарсы маусымдық екпелер егіледі.
Агроөнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында жұмыс істейтіндерге елеулі жеңілдік жасалуда. “Қазводхоз” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалында ұжымдық шарт бойынша жұмыс беруші еңбеккерлерге шипажай-курортта емделу құнының 50 пайызын өтейді.
“Кирилловка-Айыртау” ЖШС-нің ұжымдық шартында балаларды сауықтыру, еңбеккерлерге медициналық қызмет көрсету, зейнетке шыққанда жәрдемақы төлеу және басқа да сыйақылар қарастырылған.
“Молсервис” ЖШС-інде бала туған әйелдерге 20 АЕК мөлшерінде бірмерзімдік жәрдемақы төленеді, еңбеккерлер демалысқа шыққанда лауазымдық еңбекақы мөлшерінде денсаулығын сауықтыруға жәрдемақы алады. Кәсіпорын асханасында бағасы 50 пайызға төмендетілген ыстық ас беріледі. Жұмыс істейтін адамдарға әлеуметтік көмек беріледі және білікті мамандарға құрмет көрсетіледі.
Денсаулық сақтау кәсіподағының баянды да белсенді қызметі сала қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға қол жеткізуде. Осы орайда табанды, ұжым мүшелерінің мұң-мұқтаждарын қорғай білетін кәсіподақ басшыларын атап өту ләзім. Мысалы, облыстық туберкулезге қарсы диспансердің кәсіподақ комитетінің төрайымы Светлана Заикинаны, оның Тайынша аудандық орталық ауруханасындағы әріптесі Людмила Молодовскаяны айтар едім.
Қалалық Білім бөлімі осы салада еңбек етіп жүрген әйелдерді әлеуметтік қорғау мақсатымен сыйақылармен марапаттаудың ережесін жасады. Сол сияқты білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үдерісіне және қоғамдық жұмыстарға қатысуын бағалаудың рейтингтік жүйесі енгізілген.
Қазірдің өзінде 2013-2014 оқу жылының алғашқы жартысының қорытындылары шығарылып, педагог қызметкерлерге қосымша төлемдер белгіленген. Атап айтсам, қалалық бірінші лицейдің кәсіподақ комитетін Надежда Вишнякова басқарса, әл-Фараби лицейінде комитетке Айнагүл Тоққожина басшылық етеді. Міне, бұларда, егер қызметкерлер демалысқа шыққанда, мамандығы бойынша оқитын болса, ол үшін төлемақы беріледі.
Тамаша көктем мерекесінің қарсаңында өз істеріне берілген, кәсіби және қоғамдық міндеттерін біліктілікпен атқарып, кәсіпорындары мен мекемелердің өндірістік ұжымдарында құрметке бөленіп жүрген әйелдерді атап өткім келеді. Олардың арасында “Қазпочта” АҚ-да Рақия Кәкімова мен Татьяна Чернышова, “СевКазЭнерго” АҚ-ның инженер-химигі Ирина Лиханосова, “ЗИКСТО” АҚ-ның қалыптаушысы Галина Езерская, “Тазарту, су айыру және су өткізу” мемлекеттік өнеркәсіп компаниясының есепшісі Оразбике Қанышева, “Мұнаймаш” АҚ тазартушысы Галина Баранникова, қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Елена Филкова, “С.Киров атындағы зауыт” АҚ монтаждаушысы Светлана Агапова, “Петропавл автобекеті” ЖШС-нің медицина қызметкері Марина Гриднева, “ПАМЖ зауыты” АҚ сылақшы-сыршысы Надежда Тәңірбердиева, “Солтүстік Қазақстан таратушы электр желілері компаниясы” АҚ Аққайың электр желілері ауданының электрмен монтаждаушысы Зинаида Горбовская мен инженері Тамара Остертак, құрылыс-экономика колледжінің оқытушысы Салтанат Жүнісова, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның балалар кітапханасының директоры Елена Тимошук, Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің химия-биология пәндерінің мұғалімі Бақыт Алдабергенова бар.
Жастардың тәлімгерлері болып жүрген кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін де айрықша ілтипатпен атап өткім келеді. Солардың бірі – 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бастауыш ардагерлер ұйымының белсенді басшысы Алла Славная. Онымен бірге Күлшара Сәдуақасова, Зағира Рамазанова, Валентина Белич, Валентина Мостовая, Елена Вьюненко, Вера Резинкина, Людмила Дементьева қоғамдық жұмыстарды қоян-қолтық атқарып келеді.
Елбасымыздың биылғы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауындағы мемлекетіміздің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда әйелдердің әлеуеті зор екенін атап көрсеткім келеді.