«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДЕР, ӘДЕМІЛЕР, ӘСЕМДЕР-АЙ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Әйелдер, әйбаттар-ай, Айға лайық,
Сендермен қауышайық, аймалайық.
Нұр құйып, шуақ төгіп бойларыңа
Хош келген наурыз-айдан айналайық!
Көктемдей күлім қаққан сәттеріңде
Қалмай ма бой да сергіп, жан да байып.



Әйелдер, сұлулар-ай, әйбаттар-ай,
Сендердің ажарыңмен ардақты арай.
Ақындар жырлар жазған жүрегімен
Ең үздік үкілі өлең арнап талай,
Жүре алмас аруларды жан мақтамай.

Көктемнің жүзіндей нақ келбеттілер,
Сендердің құдіретіңді жер-көк білер.
Құлпырған қызыл гүлдей өрнектілер,
Жауқазын секілденіп жайнап тұр ғой
Әйелмен әсем болып төңірек түгел.

Төзерміз төңірекке таң атпаса,
Алтын Күн қырға сәуле жалатпаса.
Әйелсіз қызық бар ма азаматқа
Тірліктің әрбір күнін парақтаса?
Бұл өмір тамұқ болып кетер еді-ау
Тәңірі әйелдерді жаратпаса!

Әйелдер, әдемілер, әсемдер-ай,
Сендермен өмір сұлу, әсем маңай.
Жансұлу, Тәнсұлудың бәрі – сендер,
Өмірдің бар ізгілік, жақсылығы
Әйелдің ажарынан асар қалай?!
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp