БАРАК ОБАМАМЕН және…
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу кезінде Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық барысы талқыланды. Екі мемлекеттің көшбасшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Украинадағы ішкі саяси жағдайдың дамуына айрықша назар аударылды.