«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде Украинадағы қоғамдық-саяси ахуалдың дамуына қатысты пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық мүдделі қатысушылар байыптылық танытатынына және келіссөздер жолымен жағдайды тездетіп қалпына келтіру шараларын қабылдайтынына үміттенетінін білдірді. Қазақстан Президенті Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігі туралы өзінің пікірін білдірді.

  Akorda.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp