Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтады.
Қамқорлықтарына алынған зейнеткерлерді мерекемен құттықтау және оларға рухани, материалдық көмек көрсету Ішкі істер департаменті үшін игі дәстүрге айналған. Өткен мерекеде де аталмыш департамент басшысының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев қамқорлықтарындағы 94 жастағы Мария Нехорошева мен 64 жастағы Мария Буржинскаяны құттықтауға барды. Қарияларды – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаған Виктор Букреев оларға алдымен денсаулық, бақытты ғұмыр тілеп, кейінгілерге үлгі болғандары үшін алғысын жеткізді. Құттықтау барысында Мария Нехорошеваның нақ сол күні туған күні екені белгілі болды. Мереке мен туған күн иесі қиындыққа толы өмір жолымен таныстырды. Соғысты көрген ол полиция полковнигі Виктор Букреевке қамқорлығы, құттықтауы мен сыйлықтары үшін рахметін айтты. Атап өтерлігі, Ішкі істер департаментінің басшылығы өздерінің ардагерлері мен қамқорлықтарындағы зейнеткерлерге зор көңіл бөледі.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.