«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАУҚАЗЫН ЖЫРЛАР, БАЛАУСА ҮНДЕР” – жас айтыскерлер жинағы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Таңат БЕЙСЕНБАЕВ,

облыстық Халық шығармашылығы

және мәдени-демалыс қызметі

орталығының қазақ шығармашылығы

бөлімінің басшысы.

Соңғы жылдары өңірімізде ақындар айтысы атаулы мерекелерге орай жиі ұйымдастырылып жүр. Тәуелсіздік күніне, Наурыз тойына арналған айтыстарда облысымыздың жас айтыскерлері шыңдалып, республикалық жыр додаларына да қатысады. Және де Жарқын Жұпархан, Әлібек Серғалиев, Жұмабек Рахимов сияқты біршоғыр ақындардың еліміздегі сөзсайыстардан олжалы оралғаны да көңілге қуаныш ұялатады.

Кешегі аға айтыскерлердің орнын басқан іні-қарындастары жыр-жарыстарда ел-жұрттың көкейіндегі ойларды қозғап, көпшіліктің көңілінен шыққан өлеңдері есімізде.

Жас айтыскерлердің өлеңдерін топтап, жинақ шығаруды ойластырған облыстық Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығының қазақ шығармашылығы бөлімі осы мақсатына жетіп, кітапты баспаханаға тапсырды.

“Жауқазын жырлар, балауса үндер” деп аталған жинаққа жас айтыс ақындарының облыстық, республикалық сайыстардағы өлеңдері кірді. Онда Ә. Серғалиевтің, Ж. Жұпарханның, Ф. Тастамбековтің, А. Зағыпардың, С. Тастамбековтің, Ж.Рахимовтың, Қ. Құралханның, Н. Оқашеваның, М. Қоңқаевтың және басқа да жас айтыскерлердің өзара сөзсайыстары бар.

Жинақтың “Бұл айтыс ұлы өнер ғой халық сүйген” деген алғысөзін айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжанов жазды. Құрастырушы – Жарқын Жұпархан. Редакторы – белгілі астаналық ақын – Ұларбек Дәли. Демеушісі – облыстық Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы, оның директоры – Жанболат Мұқанов.

Біз өңірімізде тұңғыш рет жарияланатын бұл айтыстар жинағы қалың оқырмандардың көңілінен шығады деген үміттеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp