«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ЖҮРІП ӨТУ” ДЕГЕН БОЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлнара СӘРСЕМБАЕВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің кеңесшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында 7 бесжылдық аясында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруінің негізгі жолдарын атап көрсетті. Алдағы 15-17 жыл еліміздің ауқымды серпілісі үшін “мүмкіндіктер көзі” болмақ.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында инновациялық индустрияландыру трендін күшейту бағытына ерекше басымдық берді. Мемлекет жұмысының басты бағыты қазақстандық бизнесті, оның ішінде бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша жағдай туғызу болып отыр. Екінші – агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру болып табылады. Жермен жұмыс істейтіндер ең алдымен жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.

Елбасы ғылыми қамтымды экономика құруға баса назар аударды. Ел игілігіне жұмыс істейтін нақты әзірлемелер мен ашқан жаңалықтар үшін ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттыру және оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне дейін жеткізу қажет.  

Халықаралық деңгейге шығуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін логистикалық қызмет көрсетуді дамыту бойынша алға қойылған міндеттер мен көлік саласын ілгерілетудегі жетістіктер өзінің ауқымдылығымен таңғалдырады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында мемлекеттік органдарды еліміздің әлеуметтік және мәдени дамуының барлық салаларындағы жақсарту және жетілдіру жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды.

Оларға білім беру, денсаулық, әлеуметтік қорғау, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі жандар мен асыраушыларынан айрылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін әлеуметтік пакеттерін ұлғайту бойынша кепілдіктер қарастырылған. Сот және құқық қорғау жүйелерінің жұмыс сапасын арттыруға ерекше назар аударылған.

Жолдауда жүктелген мақсаттар мен міндеттер ауқымдылығымен және батылдығымен таңғалдырады. Біз мемлекеттік қызмет өкілдері ретінде Елбасы Жолдауын толығымен қолдаймыз және алға қойған міндеттерге қол жеткізу деңгейіне еліміздің болашағы тәуелді екенін түсінеміз.

Бүгінгі күні облыстың мемлекеттік қызмет жүйесінде 5 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді, соның ішінде 82,5% мамандар жоғары білімді, 12%-ның кемінде екі жоғары білімі бар. 9 ғылым кандидаты, 15 адам “Болашақ” бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып келгендер. Бұл облыс өнеркәсібі мен әлеуметтік жүйелердің түрлі салаларының алдына қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті жоғары әлеуетіміз бар екендігін көрсетеді.

Тиісінше біз, мемлекеттік қызметшілер мемлекет пен Президент идеяларын жүзеге асырушылар ретінде Жолдауда көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің орындалуына табысты еңбегімізбен ықпал етіп, әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру үшін жағдай жасауымыз керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp