«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІ ТАҒЫ АРТТЫРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арай НҰҒЫМАНОВА,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау

департаментінің әлеуметтік

көмек және қолдау бөлімінің басшысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қызметшілердің (білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің) лауазымдық жалақыларын арттырумен қатар, халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар кешенінде зейнетақылар мен жәрдемақылардың да мөлшерлерін арттыру көзделгенін атап айтты.

Мәселен, үстіміздегі жылдың басындағы арттыруды ескере отырып, Үкіметке зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін 14%-ға дейін, мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 12%-ға дейін жеткізу тапсырылды.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық алушылардың зейнетақы төлемдері алатын зейнетақы мөлшерінен 9%-ға арттырылғаны белгілі. Бұл шара әлеуетті құрылымдар саласының зейнеткерлерін қоса есептегенде 1,8 млн. адамды қамтыды. Арттыру нәтижесінде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 35 183 теңгені құрады.

Жүргізілген арттыру жұмысын ескере отырып, барлық алушылардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап тағы да арттырылатын болады, яғни 2014 жылы зейнетақыларды жалпы арттыру мөлшері 14%-ды құрайды.

Арттыру тетігі мынадай: зейнетақы мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап айқындау үшін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін 14%-ға арттыру қажет.

Мысалы, азамат С.-ның зейнетақы мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін 32 000 теңгені құраған еді, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға, яғни 34 880 теңгеге арттырылды. 1 сәуірден бастап зейнетақы мөлшері мынадай тәртіпте есептелетін болады: 32 000 теңгені 14%-ға арттырамыз, ол 36 480 теңгені құрайды (үстеме ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 600 теңге).

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайтын базалық зейнетақы төлемі ЕТК өзгеруіне байланысты 10 450 теңгеге дейін көтеріледі.

Басқа да әлеуметтік төлемдерге қатысты.

Мүгедектігі бойынша, асырушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақы жылдың басынан бері 7%-ға арттырылғанын ескергенде, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 12% ұлғаяды.

Нәтижесінде, аталған жәрдемақылардың мөлшері орташа есеппен: мүгедектігі бойынша 21 323 теңге, асыраушысынан айрылу бойынша – 19 804 теңге, жасына байланысты жәрдемақы – 10 450 теңгені құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстармен айналысатын адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың көлемі 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша арттыруды қосқанда №1 Тізім бойынша – 17 446 теңгені, №2 Тізім бойынша 15 520 теңгені құрайды.

Жалпы, азық-түлік пен әлеуметтік маңызды тауарларға, дәрілік заттарға бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен қатар қабылданған өнімнің жетіспеушілігін және монополистер қызметтеріне тарифтердің негізсіз өсуін болдырмауға қатысты шаралар, жақында орын алған теңгенің айырбас бағамындағы түзетулерге байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылар сатып алушылық қабілетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp