«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАТТЫҚ МЕРЕКЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара департаменттің бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Павел Филипповтың құттықтауымен басталды. Қоғамға әбден қажет қызметте жүрген қызметтері үшін әйелдерге алғыс және құрмет сөздері айтылды.

ТЖМ аймақтық органының басшысы АҚ және ТЖ жүйесінде көп жылдардан бері қызмет атқарып келе жатқан әскери жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бас маманы Надежда Нохрина мен “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ Кәсіби дайындық мектебінің маманы Галина Чуенковаға “Төтенше жағдайлар органдарының ардагері” медалін тапсырды. Сондай-ақ осы мереке күні департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің 12 әйел қызметкері ҚР ТЖМ және СҚО ТЖД-нің Алғыс хаттары және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

ТЖ органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағынбай Уәлиев АҚ және ТЖ, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметтердің ардагер әйелдерін шын жүректен құттықтап, оларға әсем әуен сүйемелімен гүл шоқтарын сыйлады.  

Департамент ұжымындағы әйел қызметкерлерге құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі де тамаша сый жасады. Тәжірибелі басшы Әсия Баталова басқаратын департаменттің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері “Арулар – асыл жандар” атты байқау ұйымдастырып, аумақтық органның әртүрлі бөлімдері мен қызметтерінің қыздары сайысқа қатысты. Сайыскерлер өздерін бейнебаян арқылы таныстырып, шашты сәндеу мен ұлттық тағамдарды әзірлеу, Қазақстан туралы сұрақтарға жауап беру, билеу мен сән үлгісін көрсету сияқты жарыстардан сынға түсті. “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ радиотелефонис Анастасия Анохина алғаш рет өткізіліп отырған сұлулық сайысының жеңімпазы атанды, екінші орынды құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің мұрағатшы-аудармашысы Дәрия Сәрсекеева иеленсе, үшінші орынды осы бөлімнің іс жүргізушісі Жұлдыз Мұсатаева алды. Департаменттің “Бірінші ханымының” басына көрермендердің ду қол шапалағымен аумақтық орган бастығының орынбасары, полковник Әсет Ысмағұлов тәж кигізді. Байқаудың барлық қатысушылары естелік сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Салтанатты іс-шара “Пульс” және “Сенсетив” би ансамбльдері, облыстық филармония әншілері өнер көрсеткен мерекелік концертке ұласты. Ал өртке қарсы қызметтің қызметкерлері Диас Аюпов, Марат Мұратов, Әзімхан Мерғасимов пен Азамат Мұсайынов вокалдық нөмірлер мен “өмірден алынған” әзілдерді орындап, әйелдерді қуанышқа бөледі.

  СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp