«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.03.2014

БҮГІНГІ КОЛЛЕДЖ – КЕШЕГІ СПТУ ЕМЕС Алайда, оның проблемалары әлі де жетерлік

Ел Президентінің биылғы Жолдауында Қазақстандағы білім беру жүйесін дамыған елдердің сапалық деңгейіне жеткізу мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетілді. Бұл талап кәсіптік және техникалық оқыту саласына да тікелей қатысты. Осыдан екі жыл бұрын Үкіметтің арнайы шешімімен жалпы жұмысшы мамандарын даярлаумен айналысатын кәсіптік лицейлердің мәртебесі колледждермен теңестіріліп, бәсекелестік жағдайындағы біліктілік сұранысын өтеуге ерекше маңыз берілді. …

БҮГІНГІ КОЛЛЕДЖ – КЕШЕГІ СПТУ ЕМЕС Алайда, оның проблемалары әлі де жетерлік Read More »

АНАЛАР МЕЙРАМЫ ДЕП ОСЫНЫ АЙТ!

“Салтанат” бөбекжай-балабақшасында Халықаралық әйелдер күніне орай “Аналардың көңілі көктемдей жайнап, гүл ашсын” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ертеңгілікті балабақша меңгерушісі Айгүл Нәсілова ашты. Ол мерекеге келген аналар мен әжелерге шуақты, жылы тілектер айтып, мерекемен құттықтады. 6-топтың тәрбиешілері Р.Әбдірахманова және Р. Хамзина бастаған бүлдіршіндер тобы өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналарды қуанышқа бөледі. “Қариясы бар үйдің, қазынасы бар” демекші, …

АНАЛАР МЕЙРАМЫ ДЕП ОСЫНЫ АЙТ! Read More »

БАРАР ЖЕР, БАСАР ТАУ ҚАЛМАДЫ ДЕМЕҢІЗ…

Әйел ана әр үйдің күн сәулесіндей сияқты. Ол өз жылуымен отбасына мейірім сыйлап, әр ісіне адал болуға тырысады. Жақсы жар, қамқор ананың ұлылығында шек жоқ. Болашағы үшін еңбек етіп, өмірдің талай қиындығына төзе білген асыл жандарды біреулер бағаласа, енді біреулер зорлық-зомбылық көрсетіп, кемсітіп жатады. Ерлер, нақтырақ айтар болсақ, күйеулері жағынан осындай қорлық көріп жүрген нәзік …

БАРАР ЖЕР, БАСАР ТАУ ҚАЛМАДЫ ДЕМЕҢІЗ… Read More »

ЕҢБЕКТЕН БАҚЫТ ТАПҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР

Өмірін өрнегімен өрнектеп, балаларына, туған-туыстарына, өз қатарластарына үлгі-өнеге көрсетіп отырған Салтанат Қарағожина – Петропавл қаласының тұрғыны. Ол отбасының берекесін келтіріп, жан жылуына бөлеп отырған асыл жар, аяулы ана ғана емес, сонымен қатар он саусағынан өнер тамған ісмер. Көпбалалы отбасында дүниеге келген Салтанат Әскерқызы – ата-анасының тұңғышы. Оның балалық шағы, жастық кезі өзі туып-өскен Жамбыл ауданына …

ЕҢБЕКТЕН БАҚЫТ ТАПҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР Read More »

Кіші сержант НӘЗИРА

Алдыңғы буынның асыл қасиеттерін бүгінгі аруларымыз өз бойларына сіңі­ріп, жүзеге асырып жүргендігі белгілі. Азаматтық пен патриоттық міндетті лайықты жалғастырушы нәзік жандар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мем­ле­кетіміздің қорғаныс қабілетін қамта­ма­сыз ету ісіне үлес қосуда. Погон таққан қыз-келіншектеріміздің қай­­сарлығы, жоғары жауапкершілігі мен кәсібилігі арқасында қазіргі әскери құ­­рылыстың маңызды да күрделі тап­сыр­малары ойдағыдай жүзеге асы­рылуда. Осындай жандардың …

Кіші сержант НӘЗИРА Read More »

Спорт жаңалықтары

Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында еркін күрестен ел біріншілігі өтті. Аталмыш сайыста солтүстікқазақстандық балуандар үш қола медальға қол жеткізді. Өз салмақ дәрежелерінде Владислав Корягин (84 кг.), Марина Зуева (51 кг.) және Айша Вольшан (55 кг.) сәтті өнер көрсетті. *** Шымкентте жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында грек-рим күресінен ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Бәсекелі додада Айдос Сұлтанғали (55 …

Спорт жаңалықтары Read More »

БҮКІЛ ЕЛІМІЗ “БАРЫСҚА” ЖЕҢІС ТІЛЕЙДІ

Жанкүйерлердің назарын мынаған аударғымыз келеді. Енді астаналықтар Гагарин кубогын иелену жолындағы жаңа жарысқа түседі. Гагарин кубогын алу – осы лигадағы командалардың басты мақсаты. Сөз реті келіп тұрғанда айта кетсек, соңғы екі маусым бойы оны Мәскеудің “Динамосы” иеленді. Өткен маусымда “Барыс” Челябинскінің “Тракторына” алғашқы кезеңде жол беріп, финалдық ойындардың басынан-ақ жарыстан шығып қалған. Биыл Шығыс тобында …

БҮКІЛ ЕЛІМІЗ “БАРЫСҚА” ЖЕҢІС ТІЛЕЙДІ Read More »

СПОРТШЫ-СТУДЕНТТЕРДІН ЖЕТIСТІКТЕРІ – елу бес жылдың жемісі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі факультетінің шаңырақ көтергеніне – биыл елу бес жыл. Өңіріміздегі, сондай-ақ еліміздегі белгілі жоғары білім ордасы осы жылдары өзінің ұясынан облыс мектептерінің дене тәрбиесі мұғалімдерін ғана емес, шебер спортшыларды да қанат қақтырды. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Оның қалыптасу тарихына көз жіберсек, 1959 жылы дене тәрбиесі кафедрасы жаратылыстану-жағырапия факультетінің …

СПОРТШЫ-СТУДЕНТТЕРДІН ЖЕТIСТІКТЕРІ – елу бес жылдың жемісі Read More »

“ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ЖҮРІП ӨТУ” ДЕГЕН БОЛМАЙДЫ

Гүлнара СӘРСЕМБАЕВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің кеңесшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында 7 бесжылдық аясында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруінің негізгі жолдарын атап көрсетті. Алдағы 15-17 жыл еліміздің ауқымды серпілісі үшін “мүмкіндіктер көзі” болмақ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз …

“ЖЕҢІЛ-ЖЕЛПІ ЖҮРІП ӨТУ” ДЕГЕН БОЛМАЙДЫ Read More »

ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚҚА ЕНУ ЖОЛЫНДА ақжарлықтар аянып қалмайды

Мұхит ТҰРЫСБЕКОВ, Ақжар ауданының әкімі. Елбасының қай жылғы Жолдауы болсын біздің жұмыс бабындағы үнемі қолданатын жолбасшы құжат ретінде қолданылып келеді. Биылғы Жолдау 2050 жылға дейін Қазақстанның табысқа жетуінің сара жолын айқындап отыр. Онда біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды екі кезеңге және жеті бесжылдыққа бөліп қарастыру қажет екендігіне түсініктеме жасалған. Бірінші кезең XXI …

ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚҚА ЕНУ ЖОЛЫНДА ақжарлықтар аянып қалмайды Read More »