«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ШЕШІМІН ОРЫНДАУҒА СЕРПІН БЕРМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте өткен брифингте сот шешімдерінің уақтылы әрі мүлтіксіз орындалуына ықпал жасайтын жаңа құжат – “Қазақстан Республикасының кейбір актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң түсіндірілді.

Департаменттің заңды тұлғалардан борышты өндіру жөніндегі бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы Қарлығаш Бейсенованың айтуынша, заңның негізгі мақсаты атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру, сот орындаушыларының жұмыс тиімділігін жоғарылату мақсатында олардың өкілеттігін кеңейту, осылайша заңды күшіне енген сот актілерінің барынша толық орындалуына қол жеткізу болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 28 қаңтарында күшіне енген заңға сәйкес 19 заңнамалық акті мен 6 кодекске де өзгерістер енгізілді. Сот орындаушысы Нариман Назаровтың айтуына қарағанда, енді жаңа заң редакциясына сәйкес сот актілерін орындамағаны үшін бас бостандығынан айыруды белгілеу арқылы жауапкершілік күшейтілмек. Мәселен, сот орындаушыларының қаулысын немесе заң талаптарын орындамаған жағдайда борышкер жеке тұлға 3-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейтін болады. Ал лауазымды тұлғаға қатысты айыппұл 10-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болмақ.  

Алимент төлеушілер жұмыс орнын, мекенжайын ауыстырғанын хабарламаған жағдайда, атқару құжаты жоғалған кезде де айыппұл төлеу міндеттеледі. Сондай-ақ жаңа заңға сәйкес сот шешімі уақтылы орындалмаған жағдайда борыш сомасына күн сайынғы өсімақы қарастырылған.

Жыл басынан бері Сот актілерін орындау жөніндегі департаментке түскен 9 мыңнан астам атқару құжатының 6 мыңнан астамы орындалыпты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp